27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Халал медициналық қызмет енгізу мәселесі талқыланды

Жаһан
Жарнама

Қазандағы Ислам институтында халал медициналық қызметті енгізу перспективалары талқыланды.

Кездесу Татарстан Республикасы Мұсылмандары діни басқармасы «Халал» комитетінің бастамасымен ЖОО өкілдері, Денсаулық сақтау министрлігі мен медициналық қауымдастық өкілдерінің қатысуымен өтті.

Қазан Ислам институтының ректоры Рафик Мухаметшиннің айтуынша, қазіргі уақытта Татарстанда шариғат нормаларына сәйкес медициналық қызметке сұраныс көлемі едәуір артқан. Орта Азия елдерінен келуші мигранттардың көптеп қоныстануымен бұл сұраныс уақыт өте көбейе түспек.

Халал медицина ұғымы жай ғана медициналық қызметті қамтымайды, емделушіні тамақтандыру мен күту, сондай-ақ құлшылық бөлмелерімен қамту және медициналық қызметкерлердің сыртқы киім кию үлгілерін де білдіреді. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: