06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

АҚШ мектептері мұсылман мерекелеріне демалыс жарияламақ

Жаһан
Жарнама

Филадельфиядағы америкалық Mastery Charter Schools ірі мектеп желісі оқу күнтізбесіне мұсылман халқының екі мерекесі – Ораза айты мен Құрбан айт күндерін енгізбек.

Жоғары білім мекемесінің аға оқытушысы және қаладағы білімді дамытудың халықаралық бағдарламасы директоры Амина Джаффар-Качер аталмыш мектеп басшылығының бұл бастамасы қалалар мен штаттағы өзге де мектептерге түрткі боларына сенім білдірді.

«Филадельфияда иммигранттар өте көп. Сол себепті діни конфессия өкілдерінің мүдделерін де ескеру қажет етіледі» дейді ол.

CBS Philly телеарнасының хабарлауынша, ислам дінін мектеп оқушыларының 5-20%-ы ұстанады. Ал Филадельфияда жалпы саны 200 мың мұсылман тұрады.

Айта кету керек, АҚШ-тың бірқатар мектептерінде мұсылман мерекелері демалыс күні ретінде күнтізбеге енгізілген. Мәселен, Нью-Йорк мемлекеттік мектептерінде, сондай-ақ Мэрилендтегі  Монтгомери округы білім мекемелерінде аталмыш мерекелерге демалыс берілген. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: