27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Мәдина тұрғындары қаланы реттеуді өтінді

Жаһан
Жарнама

Мәдиналықтар қала мэрінен жыл сайын шетелдерден келуші қажылардың көбеюіне байланысты шаһардың қызмет көрсету сапасын жетілдіруді өтінді, деп хабарлайды Saudi Gazzette.

Мәдина қаласы әлемнің барлық елдерінен ондаған миллион қажыларды қабылдайды. «Қала билігі әлемдік класта қызмет көрсетуге күш салуы керек. Қалада қонақтар мен туристер жыл сайын артып келеді» дейді Мәдинадағы саудиялық журналистер ассоциациясының өкілдері.

Қазіргі кезде Мәдинадағы басты мәселе тұрғын үйлер мен туристік инфрақұрылымдардың жетіспеушілігі болып отыр. Сонымен қатар, қала көшелері де қайта жөндеуден өтуді қажет етеді. Өтініш білдіруші тарап биліктің инвесторларға қойылар талапты жеңілдету керектігін атап өтті. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: