27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

«Мешіт туралы заң» қабылдануы мүмкін

Жаһан
Жарнама

Бавариялық партияның бас хатшысы Андреас Шойер Германиядағы мешіт қызметі мен ислам институттарын қадағалайтын заң қабылдауды ұсынды.

Партия Германия үкіметі канцлері Ангела Меркельдің коалициясымен серіктес саналады.

Die Welt басылымына берген сұхбатында Шойер ГФР территориясындағы мешіттерді әрі дін қызметкерлерін шет елдерден, мәселен, Түркия мен Сауд Арабиясынан қаржыландыруды шектеу қажеттігін атап өтті.

«Сырт елдерден дін саласын қаржыландыруға, жат идеялардың таралуына жол бермеу керек» деп санайды саясаткер. Бұған қоса, Германиядағы мешіттерде уағыз неміс тілінде жүргізілуі керектігін атап өтті.

Қазіргі уақытта бірқатар неміс университеттері, мәселен, Тюбиген қаласындағы университет ислам руханиятына арналған білім бағдарламасын бекітуді ұсынады. 

ummet.kz-ақпарат

Бөлісу: