Таяу уақытта Меккедегі «Әл-Харам» мешіті ауласында әлем бойынша ең үлкен шатыр орнатылмақ.
Германияда жасалған алып шатырлар қажыларды діни рәсім кезінде аптапты ыстықтан қорғау мақсатында бой көтереді.
Қажыларға көлеңке сыйлайтын құрылыма 8 ірі және 54 шағын шатырлар кіреді. Әр шатырда уақытты анықтауға арналған сағат, сондай-ақ желдеткіштер, сырттай бақылау камералары мен жол көрсеткіш бағдарлар орнатылады.
Биіктігі 45 метрді құрайтын әр шатырдың салмағы 16 тонна шамасында. Үлкен аумақты көлеңкемен қамтитын құрылым «Әл-Харам» мешіті ауласының 2,4 шаршы км көлемінде болады.
ummet.kz-ақпарат