26
Бейсенбі,
Желтоқсан

һижри

200 жылдық Құраны бар 103 жасаған қария

Жаһан
Жарнама

Қырым татары Селиме ханым Сейтумерқызы 103 жаста. Әкесі 8 бала өсіріп, өз өңірінде молдалық еткен көрінеді. Селиме қария 5 жасында әкесі арқылы Құран танып, 12 жасында қасиетті кітапты толық жаттап шыққан.

Алайда, оның тағдыры дін өкілдерін қудалап, кәмпескелеу заманына тап келіп, жер аударылады. Тағдыр теперішін көріп, дүниенің қай бұрышын кезсе де Селиме Құранын жоғалтпаған. Оның Құран кітабына шамамен 200 жылдан асқан.

Ғасыр жасаған қария әлі күнге намазына ұқыпты, ісі тиянақты. Немерелерінің барлығына намазды өзі үйреткен екен. «Ислам дінін мықтап ұстану керек. Құлшылық-дәретсіз ас ішіп, өмір сүру дұрыс емес. Әр уақытта кедейлерге, ауру-сырқауға қол ұшын созып тұру керек. Алладан алыстамау керек» дейді өнегелі өмір иесі. 

ummet.kz-ақпарат 

Бөлісу: