Тәжікстандағы білім беру мекемелері мектеп бағдарламасына өзгерістер енгізу жоспарланды. Енді 9 сынып оқушылары «Дін негіздері» пәнін оқитын болады.
Аталмыш курс экстремизм мен терроризмге қарсы күрес құралы ретінде жастардың дінді теріс пайыммен қабылдамауына ықпал етпек. Сонымен қатар, сабақта жас жеткіншектердің діни төзімділігін шыңдау мақсатында өзге діндерге де ден қойылады.
«Дін негіздері» оқу құралын әзірлеуге Тәжікстан Білім министрлігінің көптеген мамандары, белгілі исламтанушы теологтар, имамдар мен Ғылым академиясының дінтанушылары атсалысты. Мамандардың айтуынша, оқушылардың жаң ерекшелігі де кездейсоқ таңдалмаған. 15-16 жас аралығында оқушылардың ойлау, таным түйсіктері қалыптасып, қоғамдық пікірі қалыптаса бастайды.
«Біз оқушыларға толеранттылық, мейірімділік, үлкенді сыйлау негіздерін, ата-ана және Отан алдындағы борышын ұғынуға көмектесеміз» дейді педагогтар қауымы.
Айта кетсек, «Дін негіздері» пәнімен қатар, жоғары сынып оқушыларына «Отбасы этикасы», «Экономика негіздері» сабақтары оқытылады.
Этика сабағында отбасындағы адамдармен қарым-қатынас жасау және ішкі түсініспеушіліктерді шешу тәсілдері үйретілсе, «Экономика негіздері» жастарға қаржыны тиімді әрі үнемді жұмсау жолдарын көрсетеді.
ummet.kz-ақпарат