Мұхаммед пайғамбар (с.а.с.) сүннетіне сәйкес, дұрыс ұйықтауға ыңғайлы қалып – оң жақ қырымен жату екені иісі мұсылман баласына белгілі. Жаңа ғасырдың зерттеуші ғалымдары дәл осы қалып адам ағзасына үшін маңызды екенін дәлелдеді.
Себебі, дәл осы қалыпта ұйықтаған адамның миы күні бойы жиылған токсиндерден жақсы тазарады екен. Ғалымдар ұйқы кезінде глимфатикалық жүйе (ми қантамырлары айналасына шоғырланған түтікшелер кешені) белсенді жұмыс істейтінін анықтаған. Айта кетейік, ұйқы миды токсиндерден тазарту белсенділігін он есеге арттырады.
Тhe Journal of Neuroscience журналы америкалық зерттеушілердің ұйқы кезіндегі ми токсиндерін тазарту жұмысы адамның ұйқыдағы қалыбына тікелей байланысты болатынын дәлелдеген ғылыми материалын жариялады.
Ғалымдар үш түрлі қалыпта: арқасымен, бір бүйіріне және ет-бетімен ұйқыдағы адамдарға тәжірибе жүргізіп, магнитті-резонансты томография арқылы ағзадағы глимфатикалық жүйе қозғалысын қадағалаған.
Тәжірибе авторларының бірі Елена Беневисте жұмыс нәтижесі туралы баяндады. «Талдау адамның қырымен ұйықтау кезінде глимфатикалық жүйенің белсенді жұмыс істейтінін көрсетті» деді ол.
«Ұйқы ойлау жүйесіне кері әсер беретін, альцгеймер секілді аурулардың тууына себеп болатын мидағы токсиндерді тазарту үшін маңызды. Тәжірибеден алынған тұжырым адамның ұйқыдағы қалыбы оның денсаулығына байланысты болатынын дәлелдеді» дейді тәжірибеге қатысушы Майкен Недергаард.
ummet.kz-ақпарат