02
Сенбі,
Қараша

һижри

Елордада тағы бір іргелі мешіт ашылды (ФОТО)

Елордада тағы бір іргелі мешіт ашылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

5 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін қасиетті жұма күні Нұр-Сұлтан қаласындағы Сапаржай мен ескі темір жол маңынан жаңа мешіт ашылды. Жаңа мешітке «Рахымқызы Раиса ана» деген атау берілді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Бұл елордада есігін айқара ашқан 11-ші мешіт. Жеке мердігердің көмегімен салынған құлшылық орнының ашылуына ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз қатысып, жиылған жұртшылыққа мешіт салудың сауабына тоқталды. 

«Мешіт – адамдарды мейірімділікке, сүйіспеншілікке шақыратын, бір-біріне қамқор болып, қол ұшын беретін, мұқтаж болған адам жанына тыныштық табатын, сондай бір қасиетті, ұлық мекен. Бұл – имандылықтың, білімнің, ғылымның ордасы. Кешегі Қараөткелден келе жатқан Ақмола, кеше ғана халқымыздың басын біріктірген Астана, бүгін нұрланып дамып жатқан Нұр-Сұлтан қаласында халықтың негізгі бөлігі шоғырланған жерге мешіт көптен бері қажет еді. Мінеки, Елбасымыздың тапсырмасымен дәл осы халық тығыз орналасқан жерге мешіт салдырған әулетке Алла разы болсын дейміз, — деді Бас мүфти бүгінгі мешіттің ашылу рәсімі кезінде.

Айта кетейік, бас қаланың оң жағалауында бой көтерген жаңа мешітке бір мезетте 1500-2000 адам еркін сыйып, құлшылығын өтей алады. Сондай-ақ, мешіт жанынан ас беруге, Рамазан айында ауызашар беруге ыңғайлы асхана да ашылды. 

Ал жұма уағызы мен құтбаны ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жүргізді. «Кәсіпке адалдық» тақырыбында уағыз айтқан ҚМДБ төрағасының орынбасары, наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы жамағатқа адал еңбектің, ризық-несібені дұрыс жолмен табудың абзалдығын құран аяттары және пайғамбар (c.ғ.с.) хадистері арқылы жеткізді. 

Жұма намазының азаны айтылмай тұрып Н.Тағанұлы ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығын оқып, жаңа мешітке Қалижан Заңқоевтың тағайындалғанын жариялады. 

jsuWtlPque4

NWRqcImNTcg

AhGyfbxjVug

ZkylLaeej6o

0e WF0MSAKE

news image 17721

XNXx2rcMuTM

3Uuc1xs0DuU

fN8XV438Ipw

7IgiVwmNKUs

DSC04149

DSC04117

DSC04128

DSC04159

Бөлісу: