02
Сенбі,
Қараша

һижри

Қала күні Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Қала күні Нұр-Сұлтанда ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Ел іші
Жарнама

5 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – 6 және 7 шілдеде елорда күнін мерекелеу аясында Нұр-Сұлтанда дәстүрлі ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды elorda.info сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Елордаға республиканың төрт өңірінен жалпы көлемі 800 тонна болатын керуен келеді.

6-7 шілдеде «Қазақстан» спорт кешенінің алаңында өз өнімдерін Батыс Қазақстан және Қарағанды облыстары ұсынады.

Осы күндері «Хан Шатыр» СОО алаңында Павлодар және Ақмола облыстарының қатысуымен жәрмеңке өтеді.

Өткізілетін жәрмеңкелердің бағасы нарықтық бағадан 20%-ға төмен болады, бұл елорда тұрғындары мен қонақтарына өнімді бірнеше апта бұрын қолайлы бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.

Олардың қатарында ет, шұжық, ет консервілері, балық, сары май, өсімдік майы, сүт, қышқыл сүт өнімдері, көкөністер мен жемістер, печенье, кәмпит, күріш, макарон, нан-тоқаш өнімдері және т.б. бар.

Ауыл шаруашылығы өнімдерінен басқа, жәрмеңке аумағында өз өңірінің мәдениеті мен дәстүрлерін көрсететін көркемөнерпаздар ұжымдарының қатысуымен концерттік бағдарлама ɵтедi.

Сонымен қатар, әр өңір 150-200 аз қамтылған отбасы үшін қайырымдылық акциясын өткізеді.

Бөлісу: