02
Сенбі,
Қараша

һижри

Қажылыққа апаратын туристік операторларға қойылатын талап күшейтілді (ВИДЕО)

Қажылыққа апаратын туристік операторларға қойылатын талап күшейтілді (ВИДЕО)

Ел іші
Жарнама

14 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Биылдан бастап олардың қызмет көрсету сапасы егжей-тегжейлі тексеріледі. Мұны Қазақстан мұсылмандарының діни басқармасы жанынан ашылған арнайы комиссия қолға алып отыр. Комиссия өкілдері компанияларға қатысты халықтың да, Сауд Арабиясы тарапынан айтылатын ескертпелердің де назардан тыс қалмайтынын жеткізді, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Қажылық – қасиетті сапар. Сондықтан тасымалдаушылар селқос қарап, салғырттық танытпауы тиіс. Бірақ ондай фактілер бар болған соң мүфтият амалын тапты. Енді тек адал қызмет көрсететіндермен жұмыс жүргізіледі. Демек алдымен қауіпсіздік, кейін сапалы сервис, тағы діни тұрғыда сапарлаушыларға дұрыс түсінік беру керек. Осы міндеттерге қосымша туристік компаниялардың тиісті халықаралық сертификаты да болуы шарт. 

Алтынбек Ұтысханұлы, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының бөлім меңгерушісі:

- Сапалы түрде, жоғары деңгейде өтпеген жағдайда оларға ҚМДБ төрағасы, Бас мүфтиіміздің бұйрығымен ескертпелер жасалады. Ол ескертпелер көбейген жағдайда, фирмалардың қатарынан алынып тасталады. Келесі жылы фирманың қатарында болмағандықтан, кейін қажылық сапарға апара алмайтын болады.

Зикрулла АЛикулов, Туристік компания басшысы:

- 2018 жылы қажылық маусымына елу орынға квота берілген еді. 2019 жылы 115 орын берілді. Бұл дегеніміз осы жылы ендірілген жаңа бағалау жүйесіне біздің компания атқарған қызметіне тиісті мөлшерде бал жинап, жоғары нәтижеге қол жеткізді.

Сонымен діни басқарма жанындағы арнайы комиссия 18 компанияны мақұлдады. Бастапқыда 25 болатын. Ал Сауд Арабиясы отандастарымызға 3200 квота бөліп отыр. Яғни, олар іріктеуден өткен агенттіктер қызметін пайдаланғаны жөн.

Қасиетті орындарға сапар ұйымдастырушылардың жай-күйі мүфтиятқа белгілі. Өйткені соңғы 5 жылда әр қажылыққа миссия өкілдері бекітіліп бірге жіберіліп келді. Олар туристік компаниялардың қызмет көрсету қауқарын қадағалап отырған.

Бөлісу: