13 мамыр. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Белгілі блогер Әлішер Елікбаев 111 жылдық тарихы бар мешіттің қараусыз қалғанын жазды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Қасиетті Рамазан айының басталуымен оқырмандарын құттықтаған танымал блогер өзінің инстаграм парақшасында ШҚО, Ақкөл ауылындағы тарихи жәдігердің жанында түскен суретін жариялады. Астына башқұрт сәулетшілері тарапынан салынған мешіттің өткен жылы 111 жылдығы болғанын жазып өткен Ә.Елікбаев Семей-Павлодар тас жолының бойында орналасқан діни ғимарат жолаушылардың қызығушылығын тудырар еді деген пікірін білдірді.
Посттың астында оқырмандар да тарихи жәдігердің сақталуын қолдайтынын және өте сақтықпен қайта жөндеу жұмыстары жүргізілсе деген ойларымен бөліскен.