05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

«Зекет» қоры: 1 жылда 9 пәтер беріліп, 25 мың отбасыға көмек көрсетілді (ФОТО)

«Зекет» қоры: 1 жылда 9 пәтер беріліп, 25 мың отбасыға көмек көрсетілді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

8 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Зекет» корпоративтік қайырымдылық  қоры 2018 жылы республика бойынша 25 мың отбасыға қайырымдылық көмек көрсетті, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.

ҚМДБ баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, сондай-ақ, 5 мыңға жуық әлеуметтік тұрғыдан аз қамтылған балаларды мектепке қажетті құрал-жабдықтармен, киім-кешекпен қамтамасыз етті. Мүгедек балаларға емдеу-оңалту шараларына қажетті қаражат берілді.  

Құрбан айт мерекесінде «3екет» қоры атынан елімізде мұқтаж жандарға 400 тоннаға жуық ет таратылды.

2018 жылы «Ел үлесі пәтерге» жобасы аясында баспанаға аса зәру 9 отбасыға пәтер берілді.

Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен «Зекет» және «Уақып» қорларының Дубай әмірлігі Ислам және қайырымдылық істері жөніндегі департаментімен тәжірибе алмасу семинары ұйымдастырылды.

Алматы қаласында наиб мүфти Бауыржан қажы Есмаханның бастамасымен  «Зекет» қорының жұмысын дамытуға арналған семинар өтті.

«Зекет» қорының директоры Талғат Омаровтың ұйытқы болуымен қордың сайты жаңартылып, жаңа онлайн қызмет түрлері қосылды. Атап айтқанда, қордың мобилді қосымшасы жасалды. Енді онлайн түрде зекет беріп, интернет арқылы төлеу функциясын қолдана аласыз.

 

IMG 7753

IMG 7754

IMG 7896

IMG 7898

IMG 7909

IMG 7956

IMG 7539

news image 14851

Бөлісу: