05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді

Түркістандық көп балалы анаға тегін үй берілді

Ел іші
Жарнама

8 қаңтар. АСТАНА. Ummet.kz – ҚМДБ Түркістан облыстық өкілдігінің ұйымдастыруымен қаладағы «Жұма» мешітінің жамағаты бірігіп көп балалы отбасыға баспана сыйлады, деп хабарлайды ҚМДБ баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Шаңырақ иесін құттықтай барған облыс имамы жақсы жаңалық жеткізді:

«ҚМДБ тарапынан атқарылатын 4 бағыттың бірі – қайырымдылық. Осы бағыт бойынша өткен жылы имамдардың араласуымен облыс бойынша 12 баспана берілді. Түркістан қаласында 2 өртенген үйге жәрдем көрсетілді. Ал, осы жылы тағы бір отбасыға баспана əперу ниетіміз бар», - деді Мұсабек Ақтамберді.

Сондай-ақ, игі іске атсалысып, қайырымдылық еткен «Жұма» мешітінің жомарт жамағатына береке тіледі.

Ал, 6 баланың анасы Гүлназ Құдайбергенқызы далада қалдырмай, отау тарту еткен жұртшылыққа:

«Балаларыммен қанша жыл пәтерден пәтерге көшіп, көп қиындық көріп қиналдым. Енді міне, Аллаға шүкір бұл күнге де жеттік. Барша жәрдемші болған азаматтардан Алла Тағала разы болсын», - деп ақжарма тілегін жаудырды.

Қуанышқа ортақтасып келген ақсақалдар ақ батасын беріп, имамдар мен жергілікті жамағатқа ризашылықтарын білдірді. Құран оқылып, дəстүрге сай шүкіршілік дастарханы жайылды.

3f8b5979 259b 4dc8 aa6c 7c141dbf8a25

7c77de0c 9325 4b63 aa3c 0308f6535e12

 

b69c4eaa 51c6 472c aac1 e218e44e1aff 1

25857317 ac2a 46f6 aab9 27efc43232f9

0d5bce1e 7ed3 4598 8d3b 7e3aca8f5ce5

Бөлісу: