14 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Алматы қаласы Дін істері жөніндегі басқармасы 2018 жылғы жүргізілген жұмыстарға қорытынды жасай келе, Нұр-Мүбарак университетінің бірқатар мамандарына алғыс жариялады, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Діни экстремизм мен терроризмнің алдын алуға бағытталған ақпараттық түсіндіру жұмыстары елімізде жан-жақты жүргізіліп жатқаны белгілі. Алматы қаласы Ішкі саясат басқармасының «Мониторинг және талдау орталығы» Қазақстан Республикасы діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыру мақсатында бір жылда 600-ден аса іс-шара өткізген. Жалпы 70 мыңға жуық тұрғын қамтылған.
Осы жолда қызмет еткен мамандарға Дөңгелек үстел басында жылдық қорытынды жасалып, алғыс жариялап ең белсенділік көрсеткен лекторларға, атап айтар болсақ, оқытушы-ғалымдар Қайрат Затов, Оралхан Сейдманов, Жайдар Рахымғазиев, Альбина Дүйсенбаева, Айша Кеңесбайға сый-сыяпат берілді.
Алғыс хатты жыл бойы Алматы қаласында жүргізілген жұмыстарға сай Дін істері жөніндегі басқарма басшысы Айдар Есенбеков табыс етті.