05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ: Облыстың бас имамдары Бас мүфтиге есеп берді (ФОТО)

ҚМДБ: Облыстың бас имамдары Бас мүфтиге есеп берді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

3 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz - Алматы қаласында Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының кеңейтілген төралқа мəжілісі өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.  

Мəжіліске ҚМДБ бөлім меңгерушілері, республикалық маңызы бар Астана, Алматы, Шымкент қалалары мен облыстың бас имамдары қатысты. 

Есепті басқосуда өкіл имамдар пəтуа беру, жамағаттың сауалына жауап жазу, діни оқу ағарту, уағыз, үгіт-насихат, діни кадр даярлау, сауат ашу, дəстүрлі емес діни бағытты ұстанатын азаматтарға жеке түсіндіру шараларын ұйымдастыру, БАҚ жəне ғаламтормен жұмыс, əкімшілік, бақылау-басқару іс-шаралары, əйел-қыздар, жастар секторының жұмысы, қайырымдылық жасау, т.б. атқарылған ауқымды іс-шаралар бағытында есеп берді.

"Есептеріңізді қарап шықтым. Жалпы нəтиже жақсы. Ілгерілеу бар. Дейтұрғанмен, əрбір тапсырманы белсенді түрде атқару қажет. Біз қоғамда аталар мен əжелер институтын дамытуымыз тиіс. Бұл қадам дін қызметкерінің жұмысына үлкен серпін береді деп санаймын.

Сонымен қатар, қоғамда отбасы құндылығын арттыруға мəн беруіміз керек. Ғаламтормен жұмысты күшейтіп, азаматтар тарапынан түскен сауалдарға дер кезінде жауап беруді тоқтатпауымыз тиіс", - деп атап өтті ҚМДБ төрағасы Серікбай қажы Сатыбалдыұлы.

Мəжілісте 2018 - "Ислам жəне отбасы" жылы аясында атқарылған игі жұмыстардың да есебі тыңдалды. 

Дəстүрлі есеп беру төралқа мəжілісінде 2019 жылдың жоспары талқыланып, бекітілді. 

 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
Бөлісу: