05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

ЕСЕП-2018: Елорда мешіттерінде жарты милионнан астам адамға уағыз айтылды (ФОТО)

ЕСЕП-2018: Елорда мешіттерінде жарты милионнан астам адамға уағыз айтылды (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

3 желтоқсан. АСТАНА. Ummet.kz – Астана қаласы бас имамының орынбасары Бақытжан Өткелбаевтың айтуынша, үгіт-насихат шараларына 502 410 адам қатысқан, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

2018 жылы Елорда мешіттерінде күнделікті бесін, ақшам намаздарында Ислам тарихы, сенім, тəпсір, хадис, пайғамбар өмірі, Құрандағы қиссалар, əдеп, Ислам ғылымхалы, т.б. тақырыптарда уағыз айтылған.
Сонымен қатар, Елордада бір жыл ішінде 3 672 адам сауат ашқан. Астаналық мешіт ұстаздары дəстүрлі емес діни бағытты ұстанатын азаматтармен 513 рет жеке кездесу өткізген. Соның нəтижесінде 20 адам радикалды райынан қайтқан. 

Ал, қайырымдылық бағытта атқарылған жұмыс қорытындысы бойынша, 2018 жылы 8 497 отбасына мешіт тарапынан көмек көрсетілген. Құрбан айтта 2 981 шаңыраққа 20 тоннадан астам құрбандық еті таратылса, «Мектепке жол» акциясы аясында 1 270 оқушыға қажетті оқу құралдары үлестірілген.

Айта кетейік, Астанада 9 мешіт бар.

1

3

5

4

Бөлісу: