20 қараша. АСТАНА. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университетінің «Дінтану» мамандығы бойынша білім алушы студент Назгүл Токова ғылыми зерттеу аясында республикалық байқау жеңімпазы атанды, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі жаратылыстану-техникалық, әлеуметтік-гуманитарлық және экономикалық ғылымдар бойынша еліміздегі жоғары оқу орындарындағы студенттер арасында ғылыми жұмыстарға байқау жариялаған болатын. Осы білім сайысында ең үздік ғылыми жұмысы үшін Назгүл Токова министр Ерлан Сағадиевтің қолымен 3-ші дәрежелі дипломмен марапатталды.
Ғылыми жетекшілік жасаған PhD, доцент м.а. Альбина Дүйсенбаева. Жеңімпаз дипломант Н.Токова:
Бұл ең әуелі өзім білім алып жатқан Нұр-Мүбарак университетінің, «Дінтану» кафедрасы ұстаздарының берген білімі мен бағыт-бағдарының жемісі деп білемін, - деп университет пен ұстаздарына алғысын білдірді.