05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінен қуанышты хабар (ФОТО)

ҚМДБ Халал стандарттау бөлімінен қуанышты хабар (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

12 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Өнімдерді халал стандарттау және сертификаттаумен айналысатын Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы «Халал Даму» ЖШС Малайзияның исламды дамыту департаменті (JAKIM) ұйымынан аккредиттеуден өтті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Нәтижесінде құрамына әлемнің 43 алпауыт мемлекеті кіретін халал сертификаттаумен айналысатын 75 мекеменің тізіміне енді. Олардың құрамында АҚШ, Ұлыбритания, Қытай, Германия, Франция, Италия, Корея, Жапония сынды әлемнің дамыған алпауыт мемлекеттері және Египет, Пәкістан, БАӘ секілді мұсылман елдері де бар.

Малайзиядағы исламды дамыту департаменті (JAKIM) – ислам істеріне, соның ішінде, халал сертификаттау жұмысына жауапты халықаралық дәрежеде мойындалған мекеме.

Мекеменің басты мақсаты – халал өнімді тұтынушылардың құқығын қорғау, халыққа шариғат талаптарына сай өнім ұсыну, стандарттау және сертификаттаумен айналысатын мекемелерді аккредиттеуден өткізу, әлемде жалпы нарықтық тұтынудың 16.7 пайызын құрайтын  халал индустриясын дамыту.

Аталған JAKIM ұйымынан аккредиттеуден өту үшін «Халал Даму» мекемесінің қызметкерлері 2 жыл қарқынды жұмыстар жүргізді. «Халал Даму» ЖШС-нің халықаралық ұйымның тізіміне енуі еліміздегі халал стандарттау саласына серпін бермек. Бұл – тұтынушылар мен өндіруші кәсіпорындар үшін халықаралық халал нарыққа ашылған үлкен жол.

Елбасы Н.Назарбаев дәстүрлі Жолдауында: «Экономиканы өркендетудің негізі саналатын шағын және орта бизнесті нығайтып, халықты сапалы азық-түлікпен қамтамасыз ету. Ұлт саулығы – мемлекеттің басты басымдығы», – деп атап өтті. ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен халал стандарттау саласында көптеген игі шаралар жүзеге асуда.  

Айта кетейік, үстіміздегі жылдың 1-10 қыркүйек аралығында ҚМДБ халал стандарттау бөліміне малайзиялық JAKIM ұйымының аудитерлері келіп, мекеме жұмысының тыныс-тіршілігімен танысты. Сонымен қатар, халықаралық халал стандарт талаптарына сәйкес, талдаушы-технолог, инспектор-бақылаушы, қасапшы, оқу-семинар өткізуші лекторлар, пәтуа бөлімі мамандарының білімі тексерілді. Нәтижесінде «Халал Даму» ЖШС жүргізген барлық жұмыстардың халықаралық халал стандарт талаптарына сәйкестігі тексеріліп, аккредиттеуден өткізіліп, оң баға берілген болатын.

Бөлісу: