12 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары аясында Тараз қаласында күміс, алтын алқа иесі, жалғызбасты, сегіз баланың анасы Айгүл Əмірееваға пəтер кілтін табыстады, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
"Құтты қоныс болсын. Алла Тағала осы шаңырақтың ішін жақсылық пен берекеге толтырғай", - деп дұға жасады Бас мүфти.
Батыр ана жомарт жандарға алғысы мен жүрекжарды тілегін жеткізді.
Айта кетейік, жаңа пəтер "Зекет" қорының ұйытқы болуымен, демеуші азаматтардың қолдауымен сатып алынған.