10 қараша. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Жамбыл облысына жасаған іс-сапары барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде студенттермен кездесті, деп хабарлайды ҚМДБ-ның баспасөз қызметіне сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Кездесуге қаладағы жоғары оқу орындарының студенттері, жастар ұйымдарының жетекшілері мен оқытушылар қатысты.
ТарМУ ректоры Махметғали Нұрғалиұлы студенттерге Бас мүфтимен кездесудің маңыздылығын түсіндіре келе сөзді Серікбай қажы Оразға ұсынды.
"Бүгінгі жастарымыздың бойында көрініс табуы тиіс құндылықтардың бірі - қоғамға пайдалы болу. Пайғамбарымыз: "Жақсы адам - қоғамға пайдалы болған пенде", - деген. Біздің қоғамға әртүрлі саланың майталман мамандары қажет. Демек, баршамыз өз саламыз бойынша осы қоғамға бір кірпіш болып қалануымыз керек", - деді Серікбай қажы Ораз.
Кездесу соңында студенттер көкейде жүрген сауалдарын қойып, Бас мүфтимен сұхбаттасты.
Бөлісу: