05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти Елорда имамдарымен жиналыс өткізді (ФОТО)

Бас мүфти Елорда имамдарымен жиналыс өткізді (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

30 қазан. АСТАНА. Ummet.kz - Бас мүфти Елорда имамдарына жиналыс өткізді, деп хабарлайды muslim.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі. 

Бүгін Астана қаласындағы республикалық «Әзірет Сұлтан» мешітінде ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың қатысуымен елордалық діни қызметкерлердің жалпы жиналысы болып өтті. Еліміздің бас қаласындағы құлшылық ордаларының жұмысын жандандырып, діни сала әлеуетін арттыру жолында атқарар еңбектің ұшан-теңіз екенін ескертіп өткен Бас мүфти Астана имамдарына сәттілік тілеп, жұмыла жұмыс істеуге шақырды.

Жиналыс барысында Бірінші наиб мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы «Әзірет Сұлтан» мешітіне Астана қаласының өкілдігі мәртебесі берілуіне байланысты қала бойынша өкілдік жұмысын үйлестіруге қатысты жауапты қызметкерлер тізімімен таныстырып өтті. Астана қаласындағы мешіттер бойынша қайырымдылық, уағыз-насихат, теріс ағымдармен жұмыс, оқу-ағарту, БАҚ жұмыстары, мешіттердің тазалығы мен қауіпсіздігі салалары бойынша бірқатар жаңа міндеттер жүктеліп, қала бойынша жауапты қызметкерлер тағайындалды.

Бөлісу: