27 қазан. АСТАНА. Ummet.kz – Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төл басылымы «Иман» журналының құрастыруымен жаңа кітап шықты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Иман» журналы өткен жылы оқырмандар арасында «Сіз қайырымдылыққа қалай қарайсыз?» деген тақырыппен шағын әңгімелерге бәйге жариялаған болатын. Сол жылы қазан айында бәйгенің жеңімпазы анықталып, оған кіші қажылыққа сертификат табысталған еді. Қоржынымызға 200-ге тарта материал түсті. Соның ішінен 38 әңгіме іріктеліп «Қайырымды жан жәннатқа жақын» деген атпен жеке жинақ «Dostar media group» баспасынан басылып шықты.
Құрметті кітап сүйер қауым! Халқымыздың асыл қасиеттерінің бірі қайырымыдылықты бүгінгі өмір иірімдерімен байланыстыра отырып терең қаузаған, түрлі оқиғаларға құрылған қызықты әңгімелерді оқығыңыз келсе бізге хабарласыңыз! Байланыс тел: 87789487410, 87001100637.