10 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Қазақстандықтардың алғашқы легі қажылыққа аттанды, деп хабарлайды «Астана» телеарнасына сілеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Ол 300 адам. Алматы әуежайынан қасиетті мекенге жолға шығуға жиналғандарды бас муфтиі Серікбай қажы Ораз шығарып салды. Биыл Сауд Арабия еліне Қазақстанның 4 қаласынан тікелей әуе рейстері қатынайды. Ал азаматтардың қажылық сапарын 18 компания ұйымдастырып отыр.
Бас муфти Серікбай қажы Ораздың айтуынша, биыл 3 мың адамға квота берілген және олар діни сауат ашу курсынан өтіпті. Сондай-ақ, жат ағымның жетегінде кетпес үшін жерлестіріміздің жанында насихат тобы да жұмыс істемек.
Серікбай қажы Ораз, ҚМДБ төрағасы, бас муфти:
18 компаниямыз Мекке қаласындағы 18 жерде орналаспастан, бір мөлтек ауданда, яғни бір-біріне жақын болған кварталдарда, жақын болған қонақ үйлерде орналасатын болады. Және биылдан бастап Қазақстан қажылары өзіміздің еліміздің көк туының түсіменен әр компанияның емес, Қазақстан қажыларын бірден менмұндалап сырттан өзін көрсетіп тұратындай киім үлгісінде біз бір ізділікке келтірдік.