05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Бас мүфти министрлікте қажылық бойынша басқосуға қатысты (ФОТО)

Бас мүфти министрлікте қажылық бойынша басқосуға қатысты (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

9 тамыз. АСТАНА. Ummet.kz - Дархан Кәлетаевтың төрағалығымен қажылыққа баратын қазақстандықтардың жолға шығуын ұйымдастыру мәселелері бойынша отырыс өтті, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.

Отырысқа Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының басшылығы және мүдделі мемлекеттік органдардың өкілдері, сондай-ақ «Scat» және «Fly Nas» әуекомпаниясының өкілдері қатысты.

Кездесу барысында қажылық маусымында қазақстандық азаматтардың қажылыққа бару және келу тәртібі пысықталды, қажыларды тасымалдайтын әуекомпаниялардың даярлығы, соның ішінде ұшақтардың уақытылы ұшуын қамтамасыз ету, сондай-ақ міндетті екпе егу (вакцинация) рәсімі мен виза алу мәселелері талқыланды.

Дархан Кәлетаев Қазақстан азаматтарының заңды мүдделері мен қауіпсіздігін ұйымдастыру және қажылық кезінде қажылыққа барғандар үшін қолайлы жағдайлар жасау бойынша тиісті шараларды қабылдау қажеттілігіне баса назар аударды.

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Сауд Арабиясы Корольдігінің Қажылық істері жөніндегі министрлігімен жыл сайын келісім жасасып, соның негізінде биылғы жылы 3 мың адамға квота бөлінді.

Биыл, қажылықты қадағалау мен ұйымдастыру үшін Министрлік пен ҚМДБ тарапынан 14 адамнан тұратын қажылық миссиясы құрылды: ҚМДБ – 7 өкіл, БАҚ – 3 өкіл, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінен 2 медицина қызметкері және ҚР Қоғамдық даму министрлігінен – 2 өкіл.

Барлық қажылыққа аттанушылар қажылықты ұйымдастыруға қатысқан 18 қазақстандық туристік компанияға бекітілді.

Қазақстан мен Сауд Арабиясының әуекомпаниялары 50/50 үлес арқылы ұшуды ұйымдастырады. Сауд Арабиясы тарапынан қазақстандықтардың қажылыққа ұшып баруын ұйымдастыру үшін «Fly Nas» әуекомпаниясы белгіленді. Қазақстан тарапынан өткен жылдан бері ҚР Қоғамдық даму министрлігінің қолдауымен қажылыққа аттанғандарды тасымалдау бойынша қызмет көрсетуді «SCAT» әуекомпаниясы жүзеге асырады.

Қажылық парызын өтейтін қазақстандықтар Сауд Арабиясына 9-15 тамыз аралығында барып, 1 қыркүйекке дейін елге оралады.

Аталған отырыста қажылыққа аттанатын қазақстандықтарға екпе егу мәселелеріне ерекше назар аударылды. Осы жылы Қазақстанның 5 қаласының 8 медициналық орталығында бір уақытта екпе егу рәсімі (вакциналау) жүргізілетін болады. Қажылыққа аттанатындар үшін екпе бағасы 28 мың теңгені құрайды.

Қоғамдық даму министрлігі 2017 жылы Діни туризм саласында туроператорлық қызметті жүзеге асыру қағидалары бекіткенін айта кеткен жөн.

Аталған қағидалар Қазақстан Республикасы азаматтарының қажылыққа баруын ұйымдастыру процесстерін реттеуді қамтамасыз етеді. Сонымен бірге аталмыш құқықтық актіні енгізу қажылық парызын өтеп жатқан Қазақстан азаматтарының деструктивті діни идеологияның ықпалына түспеуіне мүмкіндік береді.

Отырыс қорытындысы бойынша жауапты органдарға қажылыққа бару бойынша барлық ұйымдастырушылық мәселелерді шешу жөнінде ұсыныстар берілді.

Бөлісу: