05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Биыл Нұр-Мүбарак университетіне бөлінетін грант саны көбеймек

Биыл Нұр-Мүбарак университетіне бөлінетін грант саны көбеймек

Ел іші
Жарнама

31 мамыр. АСТАНА. Ummet.kz – Нұр-Мүбарак университеті 1 шілдеден басталатын қабылдау науқанына сақадай сай, деп жазады nmu.kz сайты.

1 маусымнан бастап еліміздің бүкіл жоғары оқу орындарында құжат қабылдау науқаны басталады. Соңғы екі жылғы өзгеріс бойынша, маусымның 1-20 аралығында орта мектептің бұрынғы түлектері, өзге де ЖОО түлектері кешенді тест емтиханына құжат тапсырады. Ал 20 маусым мен 7 шілде аралығында биылғы мектеп түлектері үшін шығармашылық емтиханға құжат қабылдау болады. Ал 8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан, ал 14-18 аралығында кешенді тестілеу өтеді. Осындай тәртіптік жүйе өткен жылы алғаш рет бекітілгендіктен, құжат тапсырудан кеш қалып қойған талапкерлер баршылық. Сондықтан биыл осы олқылыққа жол бермес үшін барынша ақпараттандыру маңызды болуда.

Қабылдау науқанына қаншалықты дайынбыз деген мәселемен Нұр-Мүбарак университетінде пысықтау шаралары өтуде. Себебі әрбір талапкердің арманы, әрбір шәкірттің білімі – еліміздің ертеңгі болашағының кепілі.

Біздің мақсатымыз – елімізге білімді де білікті дін мамандарын тәрбиелеу. Кеше министр Дархан Калетаев айтып өткендей, мешіттерде арнайы білімі бар имамдар саны 20 пайыздан енді ғана асты. Бұл дегеніңіз жоғары білімді имамдар елімізге ауадай қажет деген сөз. Екіншіден, оқу орнымыздағы ішкі тұрақтылық, ішкі тәртіпке сай талаптарды ескеру. Яғни ата дініміздің бүкіл қадір-қасиетін білім жолымен түйсіне алатын, ғылыми маңызын түсінетін жастардың білім алуына мүдделілік танытуымыз,-деді проректор, профессор Шамшәдин Керім мырза.

Сондай-ақ университеттің оқу-әдістемелік бөлімінің меңгерушісі Әли Әлмұхаметов мырза қабылдау комиссиясының барынша толыққанды жұмыс істеуге, талапкерлерге қажетті талаптарды қамтуға дайын екендігін атап өтті. Әрі алыс ауыл-аймақтан келушілерді тиімді бағада жатақханамен қамту жағына дейін талқыланды. Осылайша Нұр-Мүбарак университетінің 1 шілдеден басталатын науқанына сақадай сай екені нақтыланды.

ТАЛАПКЕР-2018

Нұр-Мүбарак Египет ислам мәдениеті университеті

БАКАЛАВРИАТ

«5В021500 — Исламтану»  (қазақ және орыс бөлімдері, ерлер және қыздар топтары, 4 жылдық, 3 жылдық (қысқартылған) )

«5В020600 – Дiнтану»  (күндізгі және сырттай бөлімдер)

«5В011900–Шетел тiлi: екi шет тiлi» (араб-ағылшын және ағылшын-араб тiлдерi)  

    Магистратура

«6М020600- Дінтану»

«6М021500 — Исламтану» 

Докторантура

«6D021500 — Исламтану» 

«6D020600 – Дiнтану»

«5В021500-Исламтану» және «5В020600-Дінтану» мамандықтарының күндізгі бөліміне (4 жыл) түсуші талапкерлер:

Кешенді тестке құжат қабылдау 1-20 маусым аралығы (Орта мектепті бұрын бітірген және өзге де орта арнаулы, ЖОО түлектері үшін);

20 маусым мен 7 шілде аралығында шығармашылық емтиханға құжат қабылдау (Орта мектептің биылғы түлектері үшін);

8-13 шілде аралығында шығармашылық емтихан;

14-18 шілде аралығында кешенді тестілеу (Орта мектепті бұрын бітірген және өзге де орта арнаулы, ЖОО түлектері үшін). Ал мектептің биылғы түлектері ҰБТ балымен қабылданады

ҚАБЫЛДАУ ЕМТИХАНДАРЫ:

«5В021500-Исламтану», «5В020600 Дінтану», «5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» мамандықтарына түсу екі сатыдан тұрады:

1 блок «5В021500-Исламтану», «5В020600 Дінтану» мамандықтарына бірдей: Оқу сауаттылығы (оқу тілі) және Қазақстан тарихынан кешенді тестілеу;

2 блок:

«5В021500-Исламтану»- Екі шығармашылық емтихан: кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу және Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан.

«5В020600-Дінтану» — Екі шығармашылық емтихан: Кәсіпке жарамдылығын анықтау үшін әңгімелесу және дін негіздері бойынша ауызша емтихан.

«5В011900-Шетел тілі: екі шетел тілі» — Екі бейіндік емтихан: Ағылшын тілі және тарих. Бұл емтиханнан өткендер арнайы емтиханға жіберіледі. Арнайы емтихан: Педагогикалық жағдаятты шешу.

Медресе-колледж түлектері қысқартылған бағдарламамен оқытылуына орай: 1 блок: Қазақстан тарихы;

2 блок: Ислам негіздері бойынша ауызша емтихан.

ҚАЖЕТТІ ҚҰЖАТТАР:

Өтініш;

Жеке куәлік көшірмесі;

Аттестат немесе диплом (түпнұсқа);

3×4 мөлшердегі 8 фотосурет;

086-У үлгісіндегі медициналық анықтама + флюрография;

063 үлгідегі егілу туралы анықтама.

«Исламтану» мамандығына түсушілерден наркологиялық, психотерапиялық диспансерден анықтама және сотталмағандығы туралы куәлік талап етіледі.

Ескерту: 086-У медициналық анықтамада талапкердің суреті және медициналық тексеруден өткен мекеме мөрі сурет үстінде болуы міндетті. Болмаған жағдайда құжат қабылданбайды! 

talapker2018 1

talapker2018 2

talapker2018 3

Бөлісу: