05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Министр Оңтүстіктің бас мешітін зиярат етті (ФОТО)

Министр Оңтүстіктің бас мешітін зиярат етті (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

15 Сәуір. Астана. Ummet.kz - ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Дархан Кәлетаев Оңтүстік Қазақстан облысының бас мешітіне арнайы ат басын бұрып, зиярат етті, деп хабарлайды ОҚО орталық мешітінің баспасөз қызметі.

Мәретебелі мейманды ОҚО өкілі әрі облыстық мешіттің бас имамы Бақтыбай қажы Бейсенбаев қарсы алып, Оңтүстіктің құлшылық ордасымен таныстырды. Министр мырза Құран оқытып, барша Қазақ елінің амандығын тілеп бата жасады.

Құлшылық ордасының тыныс-тіршілігімен жақын танысқан Министр ОҚО орталық мешітінің ұжымына сәттілік тіледі. ОҚО өкілі Бақтыбай қажы Бейсенбаевпен бірқатар мәселелер бойынша сұхбат жүргізді. Әңгіме барысында діни кадр дайындау мәселелері, білім беру жүйесін дамыту тетіктері, тағы да басқа түйткілді тақырыптар қозғалды.

IMG 336

IMG 337

IMG 338

 
Бөлісу: