05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Мүфти сапары: Жылыойдағы жүздесу (фото)

Мүфти сапары: Жылыойдағы жүздесу (фото)

Ел іші
Жарнама

13 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Атырау облысы Жылыой ауданының жұртшылығымен кездесті, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Құлсары қаласында өткен келелі кездесуге аудандық ардагерлер кеңесінің мүшелері, түрлі мемлекеттік мекеме жетекшілері, қоғамдық ұйымдардың өкілдері, мұғалімдер мен студенттер қатысты.

Кездесуде сөз алған Бас мүфти:

«Ізгі ғұламалардың: «Отанды сүю – иманнан», – деген сөзі бар. Отанды сүйем деген сөзді айту оңай. Мұқағали атамыз жырлағандай, «Оңай сөз ғой «Отанды сүйем» деген, не тындырдың «басымды иемменен?» деген сұрақ әрбір азаматты терең толғандыруы тиіс. Елдің жетістігіне қуана білу, «әттеген-ай» дегізер тұстарына түсіністікпен қарау – азаматтық іс. Біз, баршамыз Алланың берген қабілеті мен мүмкіндігін Отанның өркендеуіне сарп етуіміз керек. Елдің болашағына біз үлес қоспағанда кім үлес қосар дейсіз?! Әлихан Бөкейхан бабамыз тілге тиек еткендей, «қазаққа ешкім сырттан жақсылық әкеп бермейді». Осыны жастарымыздың санасына көбірек сіңдіре беруіміз керек. Осы ретте Ахаңның, Ахмет Байтұрсынұлының жазған өлеңі есіме түсіп отыр: «Дегендер «мен жақсымын» толып жатыр, жақсылық өз басынан артылмаған. Не пайда өнерің мен біліміңнен, тиісті жерлеріне сарп ұрмаған». Алла Тағала Құранда: «Өздерің жақсы көрген нәрселеріңді садақа етпейінше, игілікке қол жеткізе алмайсыңдар», – деген. Демек, біліміміз бен өнерімізді, қызметіміз бен дәулетімізді халықтың игілігіне жұмсауымыз садақа болып саналады екен», – деді.

Жылыой жұртшылығы Серікбай қажы Ораздың қадамын жақсылыққа балап, батасын беріп, ізгі ниеті мен алғысын жеткізді.

Бөлісу: