05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Наиб мүфти Қарағанды облысында іс-сапармен болды

Наиб мүфти Қарағанды облысында іс-сапармен болды

Ел іші
Жарнама

12 Сәуір. Астана. Ummet.kz - Дін және Азаматтық қоғам министрлік тарапынан құрылған арнайы топпен ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти Есмахан Бауыржан Әбдірашұлы Қарағанды облысында болып, жергілікті діни ахуалмен танысты, деп хабарлайды muftyat.kz сайты.

Одан әрі қала мешіттерін аралап, олардың тыныс-тіршілігіне қанықты. Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бастамасымен жарияланған биылғы «Ислам және отбасы жылына» орай істеліп жатқан шаралар жөнінде ой бөлісті.Теміртау қаласында, Қарабас, Үштөбе елді мекендерінде болып, деструктивті діни ағымның жетегінде кеткен жандармен кездесіп, жамағатқа бірлік, ынтымақ жайлы тағылымды уағыз айтты. Сондай- ақ, қаламыздағы бірнеше түзету мекемелерінде  экстремизм, терроризмның жетегіне ілесіп, бүгінгі күні жазасын өтеуші азаматтармен жеке-жеке сұхбаттасып, ханафи мазхабының маңыздылығын түсіндірді. Кездесу соңында түзету мекемесінің басшыларымен, жазасын өтеушілер наиб мүфтиге  алғыстарын білдірді. Сондай – ақ, «Достық үйінде» өткен дөңгелек үстелге қатысты. Аталмыш жиында аймағымыздың діни ахуалы жөніндегі мәселе тереңдеп қозғалды.  Бұл жиында ҚМДБ-ның төрағасының орынбасары, наиб мүфти Есмахан  Бауыржан Әбдірашұлы,  Діни ахуалды талдау және мониторинг бөлімінің басшысы Әбуов Тұрар Түгелұлы, Қарағанды облысының дін істері басқармасының басшысы Бикенов Нұрлан Рахметуллинович, Діни ағымдарды зерттеу бөлімінің басшысы Новикова Галина Николаевна қатысты. Осы орайда дін өкілдері мен мемлекет қызметкерлері Қарағанды облысының діни ахуалын дамыту жайын ортаға салып, түйткілді мәселелер талқыланды.

Бөлісу: