06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

СЕРІКБАЙ ҚАЖЫ ОРАЗ ӨЗБЕКСТАННЫҢ БАС МҮФТИІМЕН КЕЗДЕСТІ (ФОТО)

Ел іші
Жарнама

Кеше Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз ресми сапармен Өзбекстанға барды.

Сапар аясында Бас мүфти Серікбай Сатыбалдыұлы Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Осман қажы Алимовпен кездесті. Ресми қабылдауда бауырлас елдердің мүфтилері Қазақстан мен Өзбекстан арасында бұрыннан қалыптасқан рухани-мәдени саладағы байланыстар туралы пікір алмасты.

Бас мүфти Серікбай қажы Ораз Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен биыл Қазақстанда Өзбекстан жылы болып жарияланғанын, ағайынды қазақ-өзбек халықтарының арасындағы ынтымақтастық жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтті.

«Біз осы жылдың 2 наурызында Астана қаласында Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын өткіздік. Халықаралық форумға Өзбекстаннан біртоп делегат қатысты. Біздің діни мектебіміз бен мәзһабымыз бір. Діни жолымыз бір болғандықтан, бізді ортақ мақсатқа біріктіретін құндылықтар көп. Бұл сапарымыз Қазақстан мен Өзбекстанның діни басқармалары арасындағы байланысқа серпін береді деген сенімдемін. Дін қызметкерлеріміз өзара тәжірибе алмасып, қазіргі діни мәселелерге қатысты ортақ пәтуалар қабылдайды деп санаймын. Халқымызда: «Көрші ақысы – Тәңір ақысы», – деген мақал бар. Өзбек халқы біздің ең жақын көршіміз әрі бауырымыз. Сізді Қазақстанға ресми сапармен келуге шақырамын. Алла Тағала бауырлас елдердің достық қарым-қатынасын баянды еткей!» – деді Бас мүфти Серікбай қажы Ораз.

Өз кезегінде Өзбекстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, мүфти Осман қажы Алимов Қазақстан мен Өзбекстан арасындағы рухани байланыс, барыс-келіс соңғы жылдары жанданып келе жатқанын, бүгінгі басқосу екі елдің діни саладағы қарым-қатынасын одан әрі нығайта түсетінін атап өтті.

Кездесу соңында екі елдің мүфтилері ортақ келісім аясында өзара ықпалдасып, қызмет етуге уағдаласты.

muftyat.kz

1

2

5

6

7 1

8

9

10

11

 

Бөлісу: