06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Наиб мүфти «Әлжан ана» мешітінде жұма уағызын жүргізді

Ел іші
Жарнама

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан «Әлжан ана» мешітінде «Сахабалар салған сара жол» тақырыбында жұма уағызын жүргізді.

«Сахабалар – Пайғамбардың (с.ғ.с) жолдастары, өмірлік үзеңгілес серіктері. Пайғамбарды көріп, Аллаға иман етіп және өмірден иманды боп озған тұлғалар. Құран Кәрімде олар жайлы бірқатар аяттар бар. Сахабалар әлемді имансыздық қараңғылығы қаптап, надандық нанымы адамдардың бойына дендеп кеткен шақта табандылық танытқан тұлғалар. Олар иман еткен соң бір сәтке де жүректеріне күдік пен күмән жолатпады. Олардың әрбір іс-қимылы мен сөздері үмметке үлгі. Сахабалардың амалы биік тұрады. Себебі, олар Пайғамбарды (ﷺ) қолдап, оған қорған болу үшін мал-дүниесімен қоса жанын да құрбан етті. Сахабалар тұла бойынан адамзаттың барлық құндылығы табылды. Жер бетінде қиямет күніне дейін сахабалардай тұлғалар келмейді. Алла елшісінің (ﷺ) жолдастары адам баласына күн батыстан шығатын күнге дейін бағыт-бағдар беруші, қараңғыда жол көрсетуші жұлдыз боп қала бермек» дей келе наиб мүфти мұсылман қауымға әйгілі сахабалар тарихынан сыр шертті.  

IMG 1167

– Бұл тарих қойнауында қала беретін қиссалар емес. Тек, кітаптардың парақтарында қара сиямен жазылған күйде тұратын оқиғалар емес. Бұл қиссалар өзекті. Қазіргі таңда, жат ағымның торына түскен, жалған нанымның жетегінде кеткен жастар мұсылман ата-анасына қарсы шығуда. «Раббым – Алла, дінім – Ислам, пайғамбарым – Мұхаммед (ﷺ), кітабым – Құран, жаным да тәнім де – мұсылман»  деген ата-анасына «кәпірсің» деп жатқандар кімнен үлгі алуда?! Саңлақ сахабалардың ешбірі ондай әрекетке бармаған. Әбу Лаһабтың бала-шағасы әкесіне қарсы шыққан. Дінсізге имансыз балалары қарсы шыққан. Әлде, ол жастардың үлгі тұтар адамы солар ма?

Құран оқыса да көмейінен ары аспаса, оның не пайдасы бар. Құранды тиләуат ету – үлкен сауап. Алайда, пайғамбарымыздың (ﷺ): «...Құран (қиямет күні) сенің пайдаға немесе саған қарсы куәлік етуші (кітап)», –деген сөзін жадымыздан шығармайық. Сахабалар «Кейбір Құранды оқушылар болады. Алайда, Құран оған лағнет айтады» деген сөздерінің астарында не жатыр. Анығында, Құран әмірлерін шеберлікпен мәнерлеп әуезді дауыспен оқыса да, иләһи бұйрықтарды мойындамай тұрған адам қарғысқа лайық.

Алла сөзі тиләует етіп, бірақ ата-анасының тілін алмаса ондай жастар кімді алдауда? Жаратқан Алланы ма?

Иә, «Ұстазы мықтының, ұстанымы мықты» деген нақыл бар. Ханафи мазхабының мықтылығы оның бастауы – сахабаларға барып тіреледі. Бұл мектепке мөлдір нәр Пайғамбардан (ﷺ) тәлім алған тұлғалардан келіп тұр. Біздің де саңлақ сахабалардан алар үлгіміз көп болғай! – деді ҚМДБ наиб мүфтиі Бауыржан Есмахан.

IMG 1241

IMG 1243

IMG 1151

IMG 1169

IMG 1262

ummet.kz

Бөлісу: