06
Сәрсенбі,
Қараша

һижри

Дін мәселелері жөніндегі түсіндіру тобы Ақтөбе облысында болды

Ел іші
Жарнама

Дін мәселелері жөніндегі ақпараттық-түсіндіру тобы Ақтөбе облысында жұмыс жасады. Ақпараттық-түсіндіру тобының құрамына Дін істері комитетінің дінтану сараптамасы басқармасының басшысы Б.Мырзаев, ҚР БҒМ Балалар құқығын қорғау комитетінің балалар құқығы және халықаралық ынтымақтастық басқармасының сарапшысы А.Абылаев, Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ Дінтану кафедрасының меңгерушісі, доцент м.а. К.Тышхан, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының жастар істері бөлімінің меңгерушісі А.Ұтысхан, Тараз қаласы орталық мешітінің ұстазы З.Усенова енді.

55555555

Ақпараттық-түсіндіру жұмыстарымен Ақтөбе қаласы, Байғанин ауданының Қараөткел ауылы, Темір ауданының Шұбарқұдық ауылы тұрғындары қамтылды. РАТТ мүшелерінің қатысуымен деструктивті идеялар таралуының алдын алуға бағытталған іс-шаралар мақсатты топтар арасында жүргізілді. РАТТ мүшелері Б.Мырзаев пен А.Ұтысхан радикалды діни ұстанымдағы бас бостандығынан айырылған азаматтармен түзету мекемелерінде жеке кездесулер өткізді.

Сонымен қатар, мектеп директорлары және мұғалімдермен кездесулер ұйымдастырылып, іс-шаралар барысында мемлекет дамуының зайырлық қағидаттары мен мемлекеттің дін саласындағы концептуалды негіздері жете түсіндірілді. Ақтөбе қаласында өткен мектеп директорлары және мұғалімдерімен өткен кездесуде Б.Мырзаев жалпы білім беру мекемелерінде оқушылардың діни киім кию мәселесі бойынша проблеманы шешудің бірден-бір жолы – олардың ата-аналарымен түсіндіру жұмыстарын жүргізу болып табылатынын ескертті. «Сонымен қатар, қыздарына хиджаб кигізген ата-аналардың кейбіреулерінің діни сауаты мүлдем төмен немесе еш жоқ деуге болады», - деп қосты Б.Мырзаев.

Баяндама жасау барысында Б.Мырзаев: «Қазіргі уақытта Ақтөбе облысынан күмәнді шетелдік оқу орындарында 14 азамат оқып жатыр. Өңірдегі имамдар корпусын кадрлық толықтыру мен сапалық құрамын жетілдіру мәселесін шешудің бірден-бір жолы – әкімдік пен Нұр-Мүбарак университеті арасында кадрлар дайындау бойынша келісім жасасу тәжірибесін дамыту орынды болады», - деп түйіндеді.

Ақтөбе облысында РАТТ жұмысы аясында «Зайырлылық және дінтану негіздері» пәнінің мұғалімдері үшін ұйымдастырылған аймақтық семинарда сарапшы К.Тышхан тарапынан «заң үстемдік құрған елде ғана зайырлық, өркендеу, өсу болады. Ол үшін заң заман талабына сәйкес жаңарып, толықтырылып отыруы қажет» деген мәселеге назар аударылды. «Соңғы жылдары радикалды топтардың белсенділігі артып, халықаралық экстремистік ұйымдардың елімізде де бас көтеруі біздегі дінге қатысты заңнамалардың әлі де жетілдіруін қажет ететіндігін көрсеткендей. Бұл діни қызмет саласын қазірден бастап мемелекеттік мекемелер қатаң қадағалап,өз уақытында реттемейтін болса, оның зардабының орасан зор болатынын аңғартты. Мұны ескере отырып, қазіргі уақытта елімізде діни қызмет саласындағы бірқатар заң нормаларына өзгертулер мен толықтырулар енгізілу үстінде», - деп баяндады К.Тышхан.

Сондай-ақ, РАТТ мүшелері «Қазақстан-Ақтөбе» телеарнасындағы «Иман Нұры» бағдарламасында интервью берді. Жалпы алғанда дін мәселелері жөніндегі РАТТ қызметі бекітілген кестеге сәйкес елдің басқа да өңірлерінде жалғасын табады.

ummet.kz

 

Бөлісу: