11 қарашада Атырауға кәсіпқой боксшы Қанат Ислам келіп, Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйінде болды, деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Спортшы Атырауға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының шақыртуымен барды.
«Біздің спортшылар Қанат Исламның кәсіпқой бокстағы жеңістерінен шабыт алады. Біз боксшыны осында бірнеше кездесу өткізіп, балалар үшін шеберлік сағатын өткізуі үшін шақырдық» деді Атырау облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Азамат Бекет.
Ал Қанат Ислам бұған дейін Сабыр Қазыбаев атындағы балалар үйіне барған. Мұнда жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар тұрады. Боксшы балалармен еркін әңгімелесіп, олардың дайындаған концертін тамашалады, сонымен қатар, балалар үйіне плазмалық теледидар сыйлады.
«Қоштасу алдында айтқым келетіні, Өмірде түрлі жағдайлар болады, барлығын бір сәтте тастай салып, жеңілгің келеді. Адамның әлсіздігі жеңіп, төзімділік пен ерік-жігеріңді құм қылады. Осындай жағдайда қарсы төтеп беріп, қысымды екі есе көбейту керек. Біз бүгінде білетін чемпиондар "ешқашан жеңілмеу керек" деген ұстаныммен өмір сүрген. Осы ережені ұстансаңдар, қандай қиындық туса да, әрдайым жеңіске жетесіңдер» деп Қанат Ислам балаларға өз ақыл-кеңесін айтты.
Қанат Ислам осы сапарында студенттермен жүздесіп, жас боксшыларға сабақ өткізді, сондай-ақ Атырау облысы әкімі Нұрлан Ноғаевпен кездесті.
Еске салайық, Қанат Ислам 2012 жылы бірінші орта салмақтағы WBA Fedecaribe титулын иеленген. Спортшы 2008 жылғы олимпиаданың қола жүледегері, және Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. Бұған дейін ол "Astana Arlans" (WSB) командасының капитаны болған.
Соңғы жекпе-жегінде отандасымыз ганалық Патрик Аллотейді жеңген болатын. Осылайша, спортшымыздың қоржынында 22 жеңіс бар, оның 18-і нокаутпен аяқталған.
ummet.kz-ақпарат