02
Сенбі,
Қараша

һижри

«STOP Экстремизм!» әлеуметтік жарнама байқауы жарияланды

«STOP Экстремизм!» әлеуметтік жарнама байқауы жарияланды

Ел іші
Жарнама

17 қазан. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Барлық қазақстандықтар терроризмге қарсы әрекеттер туралы бейнеролик түсіріп, өздерін нағыз режиссер ретінде сынай алады, деп хабарлайды kazislam.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.  

Алматы прокуратурасы «STOP Экстремизм!» атты әлеуметтік жарнама байқауын жариялады. Жұмыста діни экстремизммен күресудің әлеуметтік жарнамасы көрсетілуі тиіс. Байқаудың мақсаты – жастардың зейінін терроризм мәселесіне аудару және экстремистік идеологияға қарсы шығармашылық әлеуетін іске асыру болып табылады.

Жобаны Алматы қалалық прокуратурасы және «Social Development Center» Қоғамдық қоры жүзеге асырады. Байқауға қатысу үшін қазақстандық қоғамда діни экстремизм мен терроризм идеологиясының алдын алуға бағытталған ерекше бейнеролик түсіру керек.

Негізгі бағыттары мынандай:

  1. Ұлттық дәстүрлер мен зайырлы мемлекеттің құндылықтарын насихаттау;
  2. Конфессияаралық келісім мен толеранттылықты нығайту;
  3. Халықтың діни және құқықтық сауаттылығын көтеру;
  4. Терроризмнің дүниежүзілік қоғамдастық көлеміндегі қаупі.

Байқау жұмыстары қазан айының 16-ы мен қараша айының 21-і аралығында автордың немесе ұжымның атынан қазақ және орыс тілдерінде қабылданады. Байқау барысында қазылар алқасы үздік 5 бейнероликті таңдап алады. Үміткерлер Алматы қаласында өткізілетін марапаттау рәсіміне шақырылады.

Жеңімпаздарға келесі номинациялар бойынша сыйлықтар тапсырылады:

  1. «Үздік әлеуметтік ролик» – 700 000 теңге;
  2. «Үздік идея» – 400 000 теңге;
  3. «Үздік режиссёрлік жұмыс» – 300 000 теңге.

Сондай-ақ, өтініштер This email address is being protected from spambots. You need JavaScript enabled to view it. эл.адресі бойынша қабылданады.

Қосымша мәліметтерді Алматы қаласы прокуратурасының ресми парақшаларынан білуге болады: Instagram – @prokuror_almaty.kz

Facebook – @almatyprokuror

Бөлісу: