30 қыркүйек. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев қазақстандықтарды еңбек күнімен құттықтады, деп хабарлайды Мемлекет басшысының Twitter парақшасына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Еңбек күні құтты болсын, отандастар! Біз Қазақстанның даму жолында күш-жігерін жұмсап, жетістікке жеткен барша еңбек адамдарына лайықты құрмет көрсетеміз. Әсіресе, ардагерлерімізге айырықша алғыс айтамыз. Еңбек - бәрін жеңбек. Әрбір еңбек бағалы! Біз еңбекқор ұлт болуымыз керек!», - деп жазды Қасым-Жомарт Тоқаев.
Еске сала кетейік, Мемлекет басшысының 22 қараша 2013 жылғы жарлығымен қыркүйек айының соңғы жексенбісі еңбек күні болып белгіленген.