02
Сенбі,
Қараша

һижри

«Баламекен жобасы» жүз отбасыға қуаныш сыйлады

Ел іші
Жарнама

31 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Қызылордада Болат Өтемұратовтың қайырымдылық қоры арқылы тұрмысы төмен 100 отбасы баспаналы болды. Көпбалалы отбасыларға арнап салынған 150 үйдің 100-і бұрын табысталған. Енді 50 үйі пайдалануға берілді, деп хабарлайды egemen.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz  тілшісі.

Қызылорда облысының Өңірлік коммуникациялар баспасөз қызметі осылай дейді.

«Баламекен» жобасы аясында іске асқан әлеуметтік бағдарламадағы баспана «Бәйтерек» ықшам ауданынан салынған. Аталған үйлерде медициналық пункт, арнайы орталық жұмыс істейді.

Баспанаға қолы жеткендердің қатарында көпбалалы ана Динара Имашева да бар. Ол 5 бала асырап отырған жалғызбасты ана.

- Ерекше қуанып тұрмын. Баспаналы болудың бақыты бұйырды. Біз тек коммуналдық төлем төлейміз. Өзім үй кезегінде 1000-ы болып тіркеуде тұрмын. Екі балам балабақшаға барады. Балаларым үшін қуаныштымын,-деді Динара Имашева.

Меценат Болат Өтемұратовтың бастамасымен іске асқан «Баламекен» жобасы республикада алғаш болып Қызылордада қолға алынды. Бұл уақытша берілетін тұрғын үйлер көпбалалы отбасылардың тұрақты баспаналы болуына жол ашады.

Еске сала кетейік, 150 үйдің 50-і жергілікті бюджет қаржысына салынған.

Бөлісу: