30 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – «Сапа» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық қоғамы тамақ өнімдеріне тәуелсіз сараптама жүргізеді. Ет және шұжық өнімдерін тексерген сайын шошқаның ДНҚ іздері табылады. Бүл туралы елордада өткен аймақтағы халал индустриясын дамыту жөніндегі кеңес отырысында айтылды, деп хабарлайды baq.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
«Сапа» тұтынушылардың құқықтарын қорғау жөніндегі ұлттық қоғамының сарапшысы Римма Гахова ұйымның «қара тізіміне» енген шұжық өнімдерін атады.
«Өткен жылдың қазан айында «шошқа еті жоқ» деген жазуы бар «Мусульманская» ( «Бижан» ет өңдеу кешені ЖШС), «Дастархан» («Рубиком» ЖШС), «Халал» логотипі бар «Астана» («Апрель» ЖШС) шұжықтары біздің ұйымның «қара тізіміне» енді. Біздің ойымызша, бұл тұтынушылар құқығын өрескел бұзу ғана емес, сонымен бірге иман келтірушілердің сезімдерін қорлау. Осыған орай, біз сіздердің назарларыңызға «Халал» сертификаттауындағы бүгінгі күнгі ауытқушылықтарға назар аударғымыз келеді», - дейді ол.
Ең негізгі қателік – халал емес шұжық өнімдерін шығарушы ірі кәсіпорындарға жеке жұмыс ауысым аясында халал шұжық шығаруға рұқсат ету. Барлық шариғат кеңесшілері мен технологтары мұндай ауысымның бір-ақ рет болатындығын біледі.
«Егер шұжық шығаратын құрылғы шошқа майымен былғанған болса, арнайы шариғат жолымен тазартылуы керек. Шұжық өндіретін жерде болған адам діни білімі болмаса да, ол құрылғы тазартылмағанын аңғара алады. Бір сөзбен айтқанда, халал шұжық басқа өнімдер шығарылмайтын жеке құрылғыда шығарылуы керек», - дейді Римма Гахова.
Шұжық өндірушілерге уақыт өте келе халал шұжықты бөлек құрылғымен шығарады деген үмітпен «халал» сертификаты берілген. 2018 жылдың өзінде ғана Муфтият жанындағы «Халал Даму» ЖШС 148 кәсіпорынға сертификат берген. 2017 жылы 600 компания дәл осындай сертификат алған.
«Халал өнім құрамында шошқа майы бар екенін дәлелдейтін экспресс-тесттер пайда болды. Халал цехы бар өндірушілердің өзі бұл тесттен өтпей қалған. Олар шұғыл тапсырыс болған кезде немесе жұмыстарына үлгермей жатқан кезде арасында «халал» шұжық шығарып тұтарын кәсіпорындарға өз сауда белгілерімен шұжық шығартып алады. Мұндай сараптамалар өндірушілердің беделіне нұқсан келтіруі мүмкін, сол себепті «жартылай халал» өнімді жазасыз шығару жолдарын тауып алған», - дейді сарапшы.
Кәсіпкерлер Атамекен ҰКП-ге әлдебір ДНҚ-ның 0,9% сияқты белгілі бір рұқсат етілген деңгейін енгізу туралы өтініш жасап, осы стандартты «Ет және ет өнімдерінің қауіпсіздігі туралы» Кеден одағының техникалық регламенттеріне қосуды сұрады.
«Егер өндірушілердің ұсынысы қабылданса, шикізат құрамын анықтайтын экспресс әдісті бұдан әрі қолдануға болмайды, өйткені ол нәтижені сандық тұрғыдан көрсетпейді. Қазақстанда халалдың ұлттық стандарттарының жоқтығына байланысты халал шұжықта шошқа ДНҚ-ның болуы әдеттегі нормаға айналады. Осындай нормаларды енгізуге кімдер құлықты? Олар – өнім құрамында үнемі шошқа ДНҚ-сы табылатын «Бижан» ет өңдеу кешені ЖШС, «Первомайские деликатесы» ЖШС, «Рубиком» кәсіпорны» ЖШС», - дейді Римма Гахова.
Сарапшының айтуынша, ислам дінінде «Үлкен мөлшерде тыйым салынған нәрселерге аз мөлшерде де тыйым салынады» деген түсінік бар. Демек, бұлай етуге рұқсат етуге болмайды.
«Бұл вегетарианға «Сен жейтін салаттың құрамында 0,9% ет бар» деп айтумен бірдей. Қалай ойлайсыз, ол мұндай салатты жейді ме? Мұндай норма енгізілетін болса, біз мұсылман елдеріне шұжықтарымызды экспорттау былай тұрсын, қазақстандық өнімдерге деген сенімді жоғалтып аламыз», - дейді сарапшы.
Әлемде мұсылмандық нарық қарқынды дамып келеді. 2030 жылға қарай әлемдегі мұсылмандар саны 2,2 миллиардқа жетеді, бұл Жер бетіндегі адамдардың төрттен бір бөлігінен астамын құрайды. Қазақстан өнімдеріне ірі ислам мемлекеттері қызығушылық танытады, бірақ «харам» нормасы рұқсат етілген тауарларға емес.