8 шілде. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ауғанстанда болған террорлық актіге байланысты ел президентіне көңіл айтты, деп хабарлайды muftyat.kz сайтына сілтеме жасаған ummet.kz тілшісі.
Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жариялады. Көңіл айту мәтінінде:
«Ауғанстан президенті Гани мырзаға және ауған халқына көптеген адамдардың өліміне әкеп соққан Газни қаласындағы террорлық актіге байланысты көңіл айтамын», — делінген.