05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Қызылорда: Құранды мәнерлеп оқудан облыстық жарыс өтті

ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілдігі, орталық «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің ұйымдастыруымен Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Сүттіқұдық ауылдық «Ескендір Мағзым» мешітінде қасиетті Құран Кәрімді мәнерлеп оқудан «Құран – мәңгі мұғжиза» атты облыстық жарыс болып өтті.

МҮФТИЯТ: АЯГӨЗДЕГІ АҒАЙЫНҒА КӨМЕК КӨРСЕТІЛЕДІ

Пайғамбарымыз Мұхаммед бір хадисінде (Алланың оған салауаты мен сәлемі болсын): «Кімде-кім мұқтаждың бұл дүниедегі уайым-қайғысын сейілтсе, Алла Тағала оның қияметтегі бір уайымын сейілтеді», – деген. 

ЕЛБАСЫ ИНДОНЕЗИЯ ПРЕЗИДЕНТІН ҚАЗАҚСТАНҒА ШАҚЫРДЫ

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев Индонезия президенті Джоко Видодоны VI әлемдік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының съезіне қатысу үшін Қазақстанға шақырды. Бұл туралы ҚР Парламент Сенатының баспасөз қызметі хабарлады.

БАС МҮФТИ БҮГІНГІ ЗАМАННЫҢ БАТЫР АНАЛАРЫНА СЫЙ-ҚҰРМЕТ КӨРСЕТТІ (ФОТО)

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз Алматыда танымал жазушы Бауыржан Момышұлының келіні Зейнеп Ахметовамен, белгілі қоғам қайраткері, тіл жанашыры Асылы Османмен, филология ғылымдарының докторы, көрнекті ғалым Айгүл Ісімақовамен, 17 жылда 628 баланы бауырына басқан батыр ана Тұяқ Есқожинамен сұхбаттасып, төл мерекелері қарсаңында сый-құрмет жасады.

«Отырарды қорғау» анимациялық фильмі көрерменге жол тартты

Оңтүстік Қазақстан облысында «Отырарды қорғау» атты анимациялық фильм көрерменге жол тартты. Тұсауы кесілген туынды Елбасының «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласы аясында облыс әкімі Жансейіт Түймебаевтың идеясымен дайындалған, деп хабарлайды  ҚазАқпарат тілшісі. Қазақ халқының тарихынан сыр шертетін шығарманың салтанатты тұсау кесер рәсіміне облыс әкімі, зиялы қауым өкілдері мен тұрғындар қатысты. Жиында сөз алған аймақ басшысы фильмді дайындаудағы мақсатына тоқталды.

Исламофобияға қарсы қару –Құран мен сүннет ілімін жаңғырту

2 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz. Елорданың төрінде бас қосқан мұсылман ғұламалары «Еуразия кеңістігіндегі Ислам өркениеті: өткені, бүгіні және болашағы» атты тақырып аясында сүбелі сөз қозғап, келелі мәселелер көтерді.

Астанада Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы басталды

2 наурыз. АСТАНА. Ummet.kz.  Бүгін Астанада Еуропа мен Орталық Азияның 21 елінен келген 35-тен аса делегат, атап айтар болсақ, Бас мүфтилері, діни қайраткерлері, ислами бағыттағы ұйымдар мен одақтардың жетекшілері мен еліміздің зиялы қауым өкілдері, жазушылар, теолог-ғалымдар, облыс имамдарының басын қосқан Еуразия мұсылман ғұламаларының форумы басталды. Сондай-ақ, халықаралық форумға Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев, Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз, Сенат және мәжіліс депутаттары қатысты.

ҚМДБ: 2018 – «ИСЛАМ ЖӘНЕ ОТБАСЫ» ЖЫЛЫ (ФОТО)

Астанада бас мүфти Серікбай қажы Ораздың төрағалығымен кезекті хаттамалық жиын өтті. Оның барысында 2018 жыл Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы қызметі аясында «Ислам және отбасы» жылы деп атау туралы ұсыныс қабылданды.

БАС МҮФТИ ҚМДБ ТАРИХЫНДАҒЫ ҮШ КЕЗЕҢДІ АТАП ӨТТІ

Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы Серікбай қажы Ораз «Қазақ әдебиеті» газетіне берген сұхбатында әңгімелеп берді. 

Нұрлан Ермекбаев Мүфтиятпен арадағы қарым-қатынасқа бес деген баға берді

Қазақстан Республикасының Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев Қостанай облысының азаматтық қоғам өкілдерімен кездесіп,  Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауының негізгі бағыттарын түсіндірді.

Фото: kursiv.kz

Халық үшін исламдық қаржыландыру нарығы дәстүрлі банкинг нарығына қарағанда қымбатырақ. Бұл туралы онлайн-конференция кезінде Ұлттық банк төрағасы Данияр Ақышев айтты, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі.