05
Сейсенбі,
Қараша

һижри

Дін істері және азаматтық қоғам министрі Қостанайда маңызды кездесу өткізді

Бұл күндері елімізде Елбасының «Төртінші өнеркәсіптік революция жағдайындағы дамудың жаңа мүмкіндіктері» деп аталатын Қазақстан халқына Жолдауы талқыланып жатқаны белгілі. Осы аса маңызды құжатты халыққа түсіндіру мақсатында біздің өңірімізге Қазақстан Республикасы дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев бастаған ақпараттық топ келді.

Бас мүфти Қызылорда облысының жаңа өкіл имамын таныстырды

Бүгін Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораздың бұйрығымен Болатбек Ұласқанұлы Əбуов ҚМДБ-ның Қызылорда облысы бойынша өкілі және «Ақмешіт-Сырдария» мешітінің бас имамы қызметіне тағайындалды.

ҚМДБ-найб мүфтиі: Биыл барлық имам аттестациядан өтеді

Имамдарды аттестациялаудың жаңа ережесі бекітілді. Осы ережеге сай діни қызметкерлер жан-жақты сынақтан өтеді. Бұл туралы Қазақстан Мұсылмандары Діни басқармасының наиб мүфтиі Алау Әділбаев мәлімдеді.

ДІНИ РЕСУРС КӨЗДЕРІ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУҒА АЛЫНДЫ

Алматы қаласындағы «Нұр Мүбәрак» Египет ислам мәдениеті университетін Қазақстанға беру туралы келіссөз жүргізіліп жатыр. Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің кеңейтілген алқа мәжілісінде ведомство басшысы Нұрлан Ермекбаев осылай деді

Наиб-мүфти: Ғұламалар кеңесінің рөлін күшейту қолға алынды

ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігі мен Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы бірлесіп Ғұламалар кеңесінің рөлін күшейтуді қолға алынып отыр. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Алқа мәжілісінде сөз сөйлеген Қазақстан мұсылмандары діни басқармасының наиб-мүфтиі Алау Әділбаев мәлімдеді.

Министр діннің пайдасын дәрімен салыстырды

Дін мейірім шашуы керек. Оның пайдасын дәрімен салыстыруға болады. Алайда оны шамадан тыс пайдалану зиянын тигізуі мүмкін. Бұл туралы ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев мәлім етті, деп хабарлайды Baq.kz агенттігі.

БАС МҮФТИ ұйғыр диаспорасының өкілдерін қабылдады (ФОТО)

Бүгін Алматыда ҚМДБ төрағасы, Бас мүфти Серікбай қажы Ораз ұйғыр диаспорасының өкілі, кәсіпкер Дильмурат Кузиев, «Мир» баспа үйінің директоры Халилов Әлишер, жазушы, қаламгер Абдулла Самсаковпен кездесті.

НАУРЫЗБАЙ ҚАЖЫ ТАҒАНҰЛЫ КТК ТЕЛЕАРНАСЫНА СҰХБАТ БЕРДІ (ФОТО+ВИДЕО

ҚМДБ төрағасының бірінші орынбасары, «Әзірет Сұлтан» мешітінің бас имамы Наурызбай қажы Тағанұлы өткен аптада КТК телеарнасының тілшісі Артур Платоновты қабылдап, арнайы кездесу өткізген еді.

Елбасы латын графикасына көшу туралы Жарлыққа өзгеріс енгізді (ФОТО)

Елбасы «Қазақ тілі әліпбиін кириллицадан латын графикасына көшіру туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2017 жылғы 26 қазандағы №569 Жарлығына өзгеріс енгізді. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлайды.

ҚМДБ: ЕУРАЗИЯ МҰСЫЛМАН ҒҰЛАМАЛАРЫНЫҢ ФОРУМЫ өтеді

Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы Астана қаласында 2 наурызда Еуразия мұсылман ғұламаларының форумын өткізеді. ҚМДБ Ғұламалар кеңесінің кезекті мәжілісінде осындай шешім қабылданды.

Қазақстан халқы 1 қаңтарда 18 млн 157 мыңға жетті

Қазақстан халқының саны 2018 жылғы 1 қаңтарда бір жыл бұрынғы осы кезеңдегі көрсеткіштен 231,2 мың адамға немесе 1,3%-ке артып, 18 млн 157,1 мың адамға жетті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА ҚР Ұлттық экономика министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.