25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Түзеу мекемесінде дінаралық татулық насихатталды

Мешіт тынысы
Жарнама

 Кеше Астана қалалық Дін істері жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен ҚАЖ департаментіне қарасты ЕЦ-166/10 түзеу мекемесінде діни бірлестіктермен бірлескен маңызды шара болып өтті. Шараға «Астана қаласының қылмыстық-атқару жүйесі департаменті» ММ басшысы, әділет полковнигі Н.Рысбаев, «Астана қаласының Дін Істері жөніндегі басқармасы» ММ басшысы Д.Есин және Астана қаласының діни бірлестіктерінің өкілдері қатысты. Аталған шараның мақсаты: «Түзеу мекемелеріндегі жазасын өтеушілер арасында дінаралық татулықты сақтау, деструктивтік діни ағымдардың таралыуының алдын алу, теріс ағымдардың зиянды тұстарын түсіндіру және оған қарсы тұратын иммунитет қалыптастыру».

Шара барысында келген қонақтар түзеу мекемесінің барлық ғимаратын аралап көріп, ондағы жазасын өтеушілердің жағдайларымен, теологтың, психологтың т.с.с арнайы мақсаттағы кабинеттермен танысты. Кездесу барысында қонақтар, жазасын өтеушілердің әлеуметтік жағдайының біршама жақсарғандына және түзеу мекемесінде дінаралық, конфессияралық келісімнің жоғары деңгейде екендігіне көздері жетті.

Дін істері жөніндегі басқармасының басшысы Данияр Есин: «2011 жылы ҚР Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңы қабылданды және сол Заңның аясында діни бірлестіктер қайта тіркеуден өтті, қазіргі таңда елімізде дінаралық татулықтың көркем үлгісі қалыптасқан, осындай татулығымызды әрқашан басқаларға үлгі етуіміз қажет» деп атап өтті.  

- Дін – ол шынайы қарым-қатынас. "Судың да сұрауы бар" демекші, біз әрбір ісімізге жауап береміз. Сондықтан да мейлі өзге дін өкілі болса да оған деген мәмілеміз дұрыс болуы қажет. Ислам дінінде дінаралық татулыққа аса мән беріледі. Дін мәселесінде толықтай хабардар болмайынша, қарапайым халқымыз әртүрлі деструк­тивті діни ұйымдардан зардап шегуді доғармасы анық. Деструктивті ағымдардың кері әсерінен еліміздің тұрғындарын қорғап қалудың өте тиімді әрі нәтижелі жолы – ақпараттан­дыру, - деді «Нұр Астана» орталық мешітінің наиб имамы Әділхан Серікбай.

                Рим-католик шіркеуінің епискобы Томаш Петта Бернард «Бұл шара өте пайдалы,  осы мекемедегі жағдайларыңызбен толықтай таныстық, осындай жағдай туғызып отырған мекеме басшылығына алғысым шексіз, бұдан былай жиірек келіп, кездесіп тұруға уәде беремін» деді.,

Православ шіркеуінің өкілі, Астана қаласының Серафим-Саровский храмының архимандриты отец Иоасаф  бұл мекемеге ай сайын келіп жазасын өтеушілермен кездесіп тұратындығын, және кездесу барысында дінаралық татулықтың маңызды фактор екендігін әрдайым айтатындығын жеткізді.

Аталған, іс-шара Астана қаласының әкімдігі жанындағы Діни бірлестіктермен байланыс жөніндегі Кеңестің жұмысы аясында ұйымдастырылып, болашақта жүйелі түрде өткізіледі деп жоспарлануда.

11e0fc8c 8196 4326 9a7c 93f2837bd577

ad666257 48de 4959 8780 b1b269f0b378

Бөлісу: