24 наурыз. Нұр-Сұлтан. Ummet.kz – Бүгін "Нұр Астана" мешіті "Біз біргеміз" акциясы аясында қайырымдылық көмек ұйымдастырды, деп хабарлайды ummet.kz тілшісі.
Бәрімізге белгілі, Елбасы, "Нұр Отан" партиясының төрағасы Н.Назарбаев "Біз біргеміз" акциясын жариялаған болатын. Жер-жерден еріктілер тобы мен кәсіпкерлер және мекемелер атсалысып, акция халық арасында үлкен челленджге айналды.
"Нұр Астана" мешітінің бас имамы Нұрлан Рамазановтың ұйымдастыруымен және мешіт демеушілерінің арқасында бүгін 55 мұқтаж отбасына "Біз біргеміз" челленджі аясында қайырымдылық көмек көрсетілді.
Карантин кезеңінде негізігі қажеттілік саналатын азық-түлікпен қамтамасыз етілген жанұялар мешіт ұжымына алғыстарын білдірді.