25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Дәретсіз азан шақырып қойса...

Күдікпен күрес
Жарнама

Кей кездері намазға асығып тұрып дәретсіз азан шақырып қоямыз. Дәретті алғаннан кейін азаңды қайта шақыру керек пе? Жалпы азан шақыру үшін дәреттің болуының үкімі не?

 

Бұл сұрақтың жауабын  ханафи мазхабының ірі ғалымы Имам Маусылидің «Ихтияр» кітабына қарастырып көрелік:

Имам Маусыли (Алла оған мейірімін жаудырғай) айтты: «(Азан мен қаматты дәретті күйінде шақырады), себебі ол зікір, Құранды оқығандағы сынды мұнда да дәретпен болуы мұстахаб. Алайда дәретсіз азан шақырып қойса азаны дұрыс болады, себебі ондағы мақсаты орындалды. Дегенмен мәкрүһ санатында болады.

Сол сияқты қамат та дәретсіз мәкруһ болмайды делінген. Алайда қамат пен намаздың арасын ашпауы үшін мәкруһ болады деген көзқарас дұрысырақ (себебі намаз оқу үшін бәрібір дәрет алу керек, қаматтан соң дәрет алу қамат пен намаздың арасын алшақтатады).

Егер азан шақырып, қамат айтқан адам дәретсіз болса, онда қайта қайталап қажеті жоқ. Алайда азаң шақырған адам жүніп болса, ақылын білмейтін кішкентай бала болса, жынды, мас немесе әйел болса, онда сүннетке сай орындалуы мақсатында қайта шақырылуы мұстахаб амал болады. Бірақ қамат қайталанбайды, себебі оның қайталануы шариғатта көрсетілмеген.

Абу Ханифа (р.а) пасық, немесе азаңы үшін ақша алатын адамның азан шақырғанын мәкруһ деп санаған. Азаңшының салихалы, тақуа, сүннетті және намаз уақыттарын жақсы білетін, намазын еш үзбейтін адамның болуын мұстахаб деген.

Ең дұрысын Алла біледі.

Ummet.kz

Бөлісу: