25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Масих неге бастың төрттен біріне тартылады?

Күдікпен күрес
Жарнама

         Сұрақ:

Біз намазымызды бастаған кезде дәрет алғанда басымыздың төрттен бірін сүрт деп үйреткен еді.

Енді қазір кей жігіттер сәл қолың тисе болды десе, екінші бірілері басты толықтай, әрі шылқылдатып сүрту керек дегенді айтуда. Қайсысы дұрыс? Төрттен бір деген тура емес пе? Оның дәлелі не?

Әділет

Жауап:

 Масих (мәсх) деген – қолмен сипау дегенге келеді. Ал дәретке қатысты – белгілі жерлерді сулы қолмен сүрту дегенді білдіреді,

 Басқа масих тартудың үкімі парыз. Оған Құрандағы «Маида» сүресінің 6-шы аяты дәлел болады. Онда Алла Тағала айтады:

يَا أَيُّهَا الَّذِينَ آمَنُوا إِذَا قُمْتُمْ إِلَى الصَّلَاةِ فَاغْسِلُوا وُجُوهَكُمْ وَأَيْدِيَكُمْ إِلَى الْمَرَافِقِ وَامْسَحُوا بِرُءُوسِكُمْ وَأَرْجُلَكُمْ إِلَى الْكَعْبَيْنِ

«Әй мүміндер! Қашан намазға тұрсаңдар, (тұрарда,) жүздеріңді және шынтақтарға дейін қолдарыңды жуыңдар. Бастарыңа мәсих тартыңдар. (сипаңдар.) Және екі тобықтарға дейін аяқтарыңды жуындар» (Маида 6).

Алайда «бастың төрттен бірі деген өлшемнің дәлелі не?» деп сұрар болсаңыз, оған Имам Маусилидің «Ихтияр» атты кітабына сүйеніп бүй деп жауап береміз:

Имам (Алла оған рахметін жаудырғай): «...Осы сияқты басқа масих тарту да аятта жалпы айтылған (яғни нақты мөлшерін көрсетпеген). Сол себепті де аятты Имам Малик (р.а) айтқандай «басты толық сүрту» деп, немесе Имам Шафиғи (р.а) айтқандай « «сүрту» деп саналатындай мөлшерде сүрту (бір-екі тал шашқа ғана су тисе де)» деп, я да біздің мазһаб ғалымдары айтқандай «бастың бір бөлігі, яғни алақан тиетін мөлшері» деп түсінуге негіз бар.

Алайда бізге жеткен «сахих» хадисте Пайғамбарымыз (с.ғ.с) дәрет алып басының алдынғы бөлігін ғана сүрткендігі айтылады (Муслимнің риуаяты). Бұл хадис әуелгі екі көзқарасқа көлденең келеді. Ендеше ең дұрысы – хадисте көрсетілгендей бастың алдыңғы бөлігін сүрту; ал ол болса бастың төрттен біріне тең келеді.

Және де масих бір рет қана жасалады. Себебі ол үш рет қайталанар болса, онда ол жуу болып саналады. Ал біз тек сүртуге ғана бұйырылдық» – дейді.

Демек, басқа масих тарту деген – басты сулы қолмен сүрту, әрі ол парыз. Ал төрттен бір деген өлшем болса, имамдарымыздың көрсетіп берген ең дұрыс көзқарас болып табылады.

Ummet.kz

Бөлісу: