25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Жыртқыш құс су ішкен сумен дәрет алуға бола ма?

Күдікпен күрес
Жарнама

Ауылды жерлер мен малдауылдарда тұратын адамдар суды белгілі бір ыдыстарда сақтайды. Ол ыдыстардың беті үнемі жабық бола бермейтіндіктен кей-кездері құстар кеп ішіп жатады.

Осындай сулармен дәрт алуға бола ма?

Ханафи мазхабы бойынша жыртқыш құс су ішкен судан дәрет алу мәкрүһ амал болып табылады, әрине егер басқа таза су болса. Ал одан басқа су болмаған жағдайда одан дәрет алуда тұрған ешнәрсе жоқ, мәкрүһ болмайды.

Бұл туралы «Ихтияр» кітабында былай делінеді: «Екінші тобы: таза болғанымен мәкруһ; мысық, үй жәндіктерінің, жылан, шаян, тышқан тәрізді жәндіктерінің сілікейі. Себебі олардың етінің харамдығы өзінің де харам екенін көрсетеді. Алайда хадисте айтылып кеткені сияқты, олар айналамызда үнемі жүреді, олардан әр кез сақтана алмайтындығымыз үшін олардың мәкрүһ болса да таза екенін айтамыз. Және де жыртқыш құс сілекейлері. Олардың тұмсықтары негізінен таза десек те, ол өліктермен қоректенеді. Сол себепті оны да мәкрүһ дейміз. Егер таза су бола тұрып онымен дәрет алса, ол мәкрүһ болады. Ал таза су болмаған жағдайда мәкрүһ болмайды.  

Ummet.kz

Бөлісу: