25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Барлық нәрсе судан жаралған

Дін және ғылым
Жарнама

Су болмысы жағынан өзге жаратылыстардан ерте жаралған. Зерттеулер барысында жер планетасының жасы 46 миллиард жаста екені айтылған. Ал жер бетіндегі табылған ең алғашқы тіршілік әсері 38 милиард жылға қайтады екен. Демек су тіршілік иелерінен алғаш болған.

Оның шариғаттағы дәлеліне сүйенер болсақ онда Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) «كلُّ شىء خلقَ من الماء» («Барлық нәрсе судан жаратылған») деген хадисті келтірсек болады (Ибн Хиббан, Ибн Мажа). Осы және де осыған ұқсаған хадистер көп. Демек жаратылыстардың асылы судан екенін, Алла Тағала барлық нәрсені судан жаратқанын байқаймыз. Алла Тағала Құранда:

وَجَعَلْنَا مِنَ الْمَاءِ كُلَّ شَيْءٍ حَيٍّ أَفَلَا يُؤْمِنُونَ

«...Әр тірі нәрсені судан жараттық, олар соған сенбей ме?» дейді (Әнбия 30). Осы аятты тәпсірдеген ғалымдар аяттың тәпсірі ретінде мына хадисті келтірген: «Абу Хурайра (р.а) Пайғамбарымызға (с.ғ.с): «Уа, Алланың пайғамбары, сізді көрсем көзім қуанышқа толады, көңілім шаттыққа бөлінеді, маған барлық нәрсе туралы хабарлашы» деді, сонда Пайғамбар (с.ғ.с): «Барлық нәрсе судан жаратылды» деген.» (Тафсир Ибн Касир)

Ал Имам Қуртуби (р.а) бұл аятты былай ашықтады: «Бұл аятты үш түрлі ашықтауға болады, біріншісі: Барлық нәрсе судан жаратылған. Бұл көзқарасты Қатада айтқан. Екіншісі: (Алла Тағала) барша тірі жанның тіршілігін сумен сақтап тұр. Ал үшіншісі: әр тірі нәрсені белдегі судан жараттық деген көзқарас.»

Бағауи тәпсірінде «...Әр тірі нәрсені судан жараттық» деген аятқа қатысты былай делінді: «Бұл Қатаданың айтқаны сияқты «барлық нәрсені аспаннан түскен судан жараттық» дегені сияқты. Егерде біреу «неліктен судан тек тірі нәрселерді ғана жараттық деген, судан жан иесі болмаған егіс, жеміс, ағаштар да тіріледі ғой» десе, оған «бұл айтылғандар жан иесі деген мағынаға келмесе де олар тіріледі, әрі өледі, сол үшін де аятта «әр тірі нәрсе» деп қолданған», деп жауап беріледі»–делінген.

Алла Тағала Құранда тағы мынаны айтты:

وَاللَّهُ خَلَقَ كُلَّ دَابَّةٍ مِنْ مَاءٍ فَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَى بَطْنِهِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَى رِجْلَيْنِ وَمِنْهُمْ مَنْ يَمْشِي عَلَى أَرْبَعٍ يَخْلُقُ اللَّهُ مَا يَشَاءُ إِنَّ اللَّهَ عَلَى كُلِّ شَيْءٍ قَدِيرٌ

«Алла әр жәндікті судан жаратты. Сонда кейбіреуі баурымен жорғалайды, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреуі төрт аяқтап, жүреді. Алла қалағанын жаратады. Рас Алланың әр нәрсеге толық күші жетуші» (Нур 45).

Ибн Касир (р.а) осы аятты тәпсірлеп: «Алла Тағала жаратылыстың алуан түрлілігін сілтеме жасап кемел құдіреті мен ұлы патшалығын көрсетуде. Себебі ол жаратылыстардың түрлері, түстері, бейнелері, жүрістері мен тұрыстары әр түрлі болса да оның барлығы бір судан жаратылған» деген. Тасфсир Жәләләйн мен Табари тафсирінде болса бұл судың шахуат (аталық суы) екені айтылған. Ал Имам Қуртуби болса: «Дабб (жәндік) деген жер бетін таптайтын жан иесіне айтылады. Көпшілік бұл аятта болмысында суы бар жан иелері меңзелген деген. Мысалға Адам да топырақ және судан жаралған. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Бәдір шайқасында «Сендер кімсіңдер» деген ақсақалға «Біз суданбыз» деген сөзі де осыдан шығады»,–дейді.

Марқұм Шейх Мутауалли Шағрауидің (р.а) «Хауатирінде» былай айтылды: «Әрбір үлкен заттың қарсысында кіші зат бар. Кей нәрселер соншалықты үлкейіп, алып болуы мүмкін, оның болмысын қамтып болмайсың. Сол сияқты кей нәрселер бар, олардың мөлшерлерінің кішілігі соншалық, оған бір қарағанда көзің жетпейді, оны көруің үшін бәлкім микроскоптарға жүгінуің қажет. Жаратылыс деген өзі сондай ғажайып дүние, ондағы кіп-кішкене құмырсқа, я да масаға қарасаң, оның бойынан өмір сүру үшін қажетті бүкіл нәрселер табылады. Кішкене тіршілік иесі болса да бойында алып пілдің жанындай жан бар. Бұл Жаратушы Алланың шексіз ұлылығы, бір жағынан ақылмен қамтып бітпейтін қаншалықты алып нәрселерді жаратса, екінші жағынан да соншалықты кіші нәрселерді жаратқан. Осылайша су барлық тіршілік иесінің тіршілігінің асылы болып табылады. Сондықтан да ғұламаларымызға қарасақ, олардың микроскопсыз көрінбейтін майда бактериялармен күрескенін көресіз. Ол бактерияларды жою үшін олар ылғалды алып тастайды. Емдеудің бұл түріне балмен емдеуді жатқызсақ болады. Бал ылғалды сорып алады, немесе оның белсеңділігін жоғалтады, содан микробтар тіршілігін жалғастырар ылғал ортасын жоғалтады».

Су адам құрылысының маңызды бөлшегі, адамның денесінің шамамен үштен екісі судан тұрады. Еркек адамның денесі жуық шамамен 55-65 %, ал әйел адамның  50-55%-ын су құрайды. Арасындағы кішігірім айырмашылық ер адамның бойындағы бұлшық еттің массасының басымдылығымен түсіндіріледі. Бұл есейген кездегі көрсеткіш. Адам баласы жаңа туылғанда денесіндегі судың мөлшері оның 75%-ын құрайды екен. Бұл көрсеткіш оның бір жасқа толғанынша жалғасып, кейіннен жоғарыда көрсетілген көрсеткішке ауысады.

Адам өмірі үшін судың аса маңызды рөлі бар, олар:

  • Су – ағзаға түскен барлық нәрселердің ерітуші, оны ағзалардың бір тұсынан екінші түсына жеткізуші болып табылады;
  • Астың қорытылуын, денеге сіңуін, шығуын жеңілдетеді;
  • Жасушаның іші мен сыртында оттегінің әдеттегі мөлшерін сақтайды;
  • Дененің температурасының қалпын сақтауда негізгі рөлді атқарады. Ыстық жерлерде, немесе адамның қызуы көтерілгенде дене тер шығарып ылғалданады;
  • Тамақтан бөлінген улы заттарды бүйректен шайып, зәр, несепнәр, зәр қышқылы ретінде шығарып тастайды;
  • Жасушалардың түзілуінде өзіндік рөлі бар;
  • Денеге қандай да бір ауру тиіп немесе жарақаттанғанда іске кірісетін регенерация процесі де тікелей сумен байланысты.

Алла Тағала суға кернеу күшін (قوة التوتر السطحي) орнақан. Егер ол болмаса су тамшы күйінде жиналмас еді, су буланып көтерілмес еді, жаңбыр да жаумас еді. Ол жағдайда жер бетінде тіршілік те етек алмас еді. Тағы бір таңқалдырар жәйт–ғұламалар суды зерттегенде бір тамшы судың өзінен 50 000 млн су атомы шыққандығы.

 1 

«Су ішіндегі тіршілік» тақырыбындағы судың ондаған есеге үлкейтілген суреті

2

3

4

5

6

7 

су ішіндегі микро жәндіктер. Суреттер «Nikon Small World Photomicrography» суреттер байқауының 37-ші кезең көрмесінен алынды.

         Судың бұдан да көп қасиеттері бар, Алла Тағала әр нәрсені мөлшерімен жаратып әрқайсысына белгілі міндет жүктеген. Оның барлығын санап біту мүмкін емес. Тек Алланың әр уақыт пен ортаға ашатын ғажайыптардың бірер тұсын ғана ұсындық. Ең жақсы білуші тек Алла ғана.

(Материял Доктор Субхи Рамадан Фараж Сағдтың мақаласынан қысқартылып алынды)

Ummet.kz

Бөлісу: