25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Мисуак – ауыздың тазалығы, Раббының ризалығы

Дін және ғылым
Жарнама

Мисуак туралы хадистерде көп айтылған. Оның қолданысын хадистерде «матһара лил-фәмм», яғни «ауыздың тазалығы» деп баяндаған. Ол ауызды зиянды және жағымсыз нәрселерден тазартады, ауыз құрылысының иісін жақсартады, тістің еті мен тістің бұзылуының алдын алады. Жалпы ауыз қусындағы барлық нәрсеге ем, әрі тазартқыш құрал.

 

Адамдар мисуакты ежелден қолданып келеді. Ол Арак деген ағаштың тамырынан алынады. Бұл ағаш сахара шөлінде жиі кездеседі. Ағаштың ұзындығы кейде он метрге шейін жетеді, ұзын тамырын жердің астына қарай жаяды, бұтақтары бір-бірімен тығыз араласып өседі.

Мисуак ағашы зиянды бактерияларға қарсы күресетін химиялық элементтерге өте бай. Пайғамбарымыз (с.ғ.с) бұл ағашты өте жиі қолданатын. Бұл ағаштың қасиеті туралы:

السواك مطهرة للفم مرضاة للرب

«Мисуак–ауыздың тазалығы, Раббының ризалығы» деген. (Бухари, Насаи)

Ең алғаш болып мисуакты қолданған адам Ибрахим (а.с) болғаны айтылады. Және де Пайғамбарымыз (с.ғ.с) осы ағаш туралы:

لولا أن أشق على أمتي أو على الناس لأمرتهم بالسواك مع كل صلاة

«Егер үмметіме немесе адамдарға қиын келеді деп қорқпағанымда әр намазда мисуак қолдануларына бұйырар едім» (Бухари) дейді. Жалпы мисуактың пайдасы айтып өткеніміздей өте зор. Осы пайдаларынан бірерін атап айтсақ:

  • Мисуак тісті тазартады, онымен қоса тістің сарғайғанын кетіреді, себебі оның құрамында хлор бар;
  • Тісжегін (кариес) емдейді, себебі құрамында фтор бар. Фтор кариеспен қатар ауыз қуысындағы жаралар мен қызыл егін де емдейді;
  • Ауыздың жағымсыз иісін кетіреді, сонымен қатар темекінің де иісінен арылтады. Темекінің салдарынан пайда болған тіс пен қызыл ек ауруларын емдейді;
  • Ас қорыту процесін жеңілдетеді, анық сойлеуге, дауыстың анық шығаруға көмек теседі;
  • Адамдардың көбісі оның түрлі пайдалары үшін, әсіресе тісжегін тежейтін қасиеті үшін оны тіс щеткасының орнына қолдануды жөн санайды;
  • Тісті ағартып, оны түрлі вирустар мен бактериялардан қорғайды;
  • Мисуак натрий карбанатын қамтиды, бұл болса тіс пастасының құрамындағы ең пайдалы элементтердің бірі;

Мисуакты қолданғанда дұрыс қолдану керек. Себебі қате қолданған жағдайда тістің эмаліне зақым келтіруі мүмкін. Мисуакты алдымен суға малып жұмсартып, содан кейін ауыздың барлық жеріне жеткізіп қолдану керек. Қызыл екке қатты баспастан барынша нәзік қолданған жөн. Мисуакты тамақтан соң қолданған абзал. Егер мисуакты күш салмай жұмсақ қолданар болса оның ешбір зияны жоқ. Алайда бұл тіс пастасы мен щетканы қолданбау керек деген мағына бермейді.

Мисуакқа тіс пастасы сияқты қарау керек. Гигиена тұрғысынан әр адамның өз мисуагы болуы керек. Оны әр қолданған соң таза сумен шайып қойған абзал.

Сүннет бойынша мисуакты ұйықтар алдында, Құран оқитын кезде, намазға тұрар алдында, дәрет алғанда, оянғанда қолданады. Тіс пен ауыз тазалығын сақтау – сүннет. Және де мисуакты қолдану – темекіні тастаудың ең оңтайлы шарасы.

Ummet.kz

Бөлісу: