25
Сәрсенбі,
Желтоқсан

һижри

Омартадағы Алланың құдіреті.

Дін және ғылым
Жарнама

Бал арасы арақ ішіп, мас болып және сол үшін жазаланады дегенді естіп пе едіңіз?!

Жаратқан Алла қандай да бір кемшіліктен пәк. Әркүні ғалымдар араның жүріс - тұрысын зерттеп отырып, жаңалықтар ашып, араларға осы тәртіпті кім үйретті деп таң қалуда. Бұл нәрсеге тек ғана Алланың айтқан мына сөздерін оқығаннан басқа шарамыз жоқ:

 

"...Раббыңның сен үшін оңайлыстырған (яғни жеңілдетіп қойған ұяңа жеткізетін) жолдарына түс, - деп аян берді. (Нахыл:69)

Араның бойында болатын ғажайыптарының ерекше бір құбылысын ғалымдар "араның арақ ішу ерекше құбылысы" деп атайды екен. Кейбір аралар омартаға нәр жинау сапарында кейбір  табиғиттағы  жемістер піскеннен кейін ашып, быжығанда пайда болған этанол (ethanol) сияқты есірткі заттарының бір бөлігін тілімен жалап көреміз деп "мас" болатыны анықталды. Кәдімгі адам мас болғандай мас болып, бұл есірткі заттардың әсері 48 сағатқа дейін созылатын көрінеді. Мас қылатын заттарды қабылдағаннан кейінгі арадағы бұл құбылыс - адамның ішімдік қабылдағандағы құбылысындай болады.

Ғалымдар: "Бұл мас болған аралар дұшпанға айналып, зиянды болады. Себебі, оның әкелген есірткі заттары омартадағы балды бұзып, оның улануына әкеледі", - дейді. Алайда, Алла Тағала балды Құранда "шипа" деп сипаттайды: "Араның қарнынан адамдарға шипа болатын түрлі - түсті шәрбат (бал) шығады." (Нахыл:69)

Бұл балдың зиянсыз болып қалуы үшін және ешқандай бір улы зат араласпауы үшін Алла Тағала не дайындап қойды? Отыз жыл бойы ғалымдар араның жүріс - тұрысын бақылауға алып, әрбір араның омартасында  "дабылмен" жабдықталған аралар бар екенін анықтады. Олар мас болған араның иісін сезіп, онымен күресіп, оны омартадан қашықтатады. Бұл мас болған ара  басқа қорғаушы аралар тарапынан  да соққыға жығылып, омартадан қуылады. Мас қылатын заттарды қабылдаған бұл ара - ешқандай беделсіз болып қалады. Егерде сол ара мастығынан айықса, омартаға кіруіне бірден рұқсат беріледі және оның өзі бұл арадан улы заттардың әсері анық кеткеніне сенімді болғаннан кейін ғана болады екен. Шындығында, күзетші аралар мас болған араның қайтадан мас қылатын нәрсе әкелуінен тыю үшін аяқтарын да сындырып тастайды.

Құран - Кәрімде : "Мұса оған: Біздің Раббымыз - барлық нәрсені жоқтан жаратқан, содан кейін бәрін де жаратылыс мақсатына қарай өз жолына салған ұлы Жаратқан,"- деп жауап берді. (Таха:50),- деп бұйырған, осы "аралар мемлекетіне" таным мен білім, басқару жүйесін берген Ұлық Алла барлық кемшіліктерден пәк дейміз. 

(Доктор Ато ас - Сынбатидың "Фейсбук" парақшасынан алынды)

Аударған: Қуат Қабдолда 

 

Бөлісу: