27
Жұма,
Желтоқсан

һижри

Исламның қайнар көзі – Құран және сүннет

Исламның қайнар көзі – Құран және сүннет

Дін және ғылым
Жарнама

Құран – Ислам мәдениетінің және құрылымдарының ең маңызды және басты қайнар бұлағы. Әлеуметтік топтардың мойынсұнуын қажет ететін заң. Әрбір кісінің мемлекет пен халық алдындағы міндеттерін көрсетіп тура жолды меңзейтін қасиетті кітап. Бұл кітап мұсылман жамағатының діни, саяси, әлеуметтік, ахлақи және әскери құрылымдарының құрылып, ары қарай өркендеуіне себепші болды. Өйткені мұсылмандар білгісі келген нәрселердің барлығын Құраннан алатын еді. Құранда артық, керексіз болған ешбір нәрсе жоқ.

Адамдарды тура жолға шақырушы бұл кітапта ақыл иелеріне айтылған «Оқы» сөзінен-ақ, Алла тағаланың білімге берген маңызын түсінуге болады. Исламның бұл әміріне мойынсұнған және маңызын түсінген әртүрлі нәсілдегі мұсылмандар әдебиет, ахлақ, социология, философия, өнер, құқық және методология сияқты ғылым салаларын зерттеуге белсенді талпыныстар көрсетті.

Хазірет Пайғамбар (с.а.с.) адамдардың Құрандағы түсіне алмаған аяттарын хадисімен, іс-әрекеттерімен, амалдарымен білдіріп отырған. Осылайша оның әрбір іс-әрекеті және амалдарынан шыққан сүннеті Ислам әлемінің ең маңызды жол көрсетуші қайнар көзі болып сүннет есептеледі. Шындығында да Ислам әлеуметі үшін мемлекеттің басшысы, қолбасшысы, соты, мұғалімі және тәрбиешісі болған Мұхаммед (с.а.с.) ең алдымен пайғамбар еді. Оның сүннеті Құранның түсіндірмесі, ал өзі тірі Құран еді. Ол екі дүниеде де бақытты болу жолын көрсетуші, жетекші. Сахабалар тұтас тәрбиені Пайғамбарымыздан (с.а.с.) үйренсе, Алла елшісін Раббымыз өзі тәрбиелеген. Осы себептен де оның ісәрекеттері өзінің қалауы бойынша емес, уахи жолымен болатын еді. Сахабалар Пайғамбарымыздың (с.а.с.) ең ұсақ әрекеттеріне дейін елеусіз қалдырмайтын. Оның әрбір әрекетін иләһи әмір ретінде қабылдайтын. Әрбір мәселеде сүннетін үлгі тұтатын, тіпті қазіргі таңдағы және ақыр заманға дейінгі үмбет осылай жалғастырмақ.

Құран кәрімдегі «Пайғамбар сендерге нені берсе, қабыл алыңдар, нені тыйым салған болса, тыйылыңдар» («Хашыр» сүресі, 6) деген аят мұсылмандардың Пайғамбарымыздың (с.а.с.) әмірлеріне, оның күнделікті іс-әрекеттеріне көп көңіл бөлулеріне себепші болған.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: