29
Жексенбі,
Желтоқсан

һижри

Дін мен ғылымның арақатынасы

Дін мен ғылымның арақатынасы

Дін және ғылым
Жарнама

Негізгі көпшілік, оның ішінде өзіміздің мұсылман қауымының кейбірі де, ғылым мен дінді, дәлірек айтсақ, Ислам діні мен ғылымды бөле қарайды. Ал Ислам діні мен ғылым ешуақытта да әсте бөлінбек емес.

Сол үшін де дін мен ғылым хақындағы сөзімізді, дәлелдәйектерімізге, қайнар-көздер мен ойшыл ғалымдардың айтқандарына сүйендірсек. Төрткүл дүниеге аты мәшһүр ғалымдар дін мен ғылымды ешқашан бөліп қарамаған.

Өткен ғасырдың ғалымдарының бірі, ұлыбританиялық Луи Пастер: «Иман, яғни Жаратушының барлығына деген сенім, ешқашан адамзаттың алға басу процесіне тосқауыл болмайды. Өйткені прогрестің әрбір сатысы Алланың жаратқан таңғажайып нәрселерін анықтап көрсетіп берді» деген. Негізі ғылымды діннен бөліп қараудың бірден-бір себебі құдайға деген сенімнің әлсіздігі немесе жоқтығы. Бұл жөнінде тарихшы Фебер: «Әрбір дәуірдің өз ерекшелігі болады. Біздің дәуірдің ерекшелігі – Жаратушыға деген сенімсіздік. Менің Жаратушыға деген сенімімді тартып алғаннан гөрі терімді сыдырып алса, соған разы болар едім» депті.

материал «Ислам және ғылым» кітабынан алынды,

ummet.kz

Бөлісу: